Қызылорда облысында балықтардың қырылу дерегі тіркелді

Мәселені зерттеу үшін балық шаруашылығы инспекциясы тарапынан арнайы топ құрылды
Қызылорда облысындағы Қарашалаң су айдынында балық шабақтарының қырылу жағдайы тіркелді. Бұл туралы Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.
 
"18 ақпанда сағат 16.30 шамасында Қызылорда облысы, Арал ауданы, Бөген ауылдық округіне қарасты Қарашалаң су айдынына балық шабақтарының қырылу оқиғасы тіркелді. Ол Сырдария өзенінен су алатын Сағынбай арнасында орналасқан. Оны жергілікті халық Көгіш деп атайды. Жедел түрде құзырлы органдардың бірлесіп жұмыс жасау алгоритміне сәйкес қажетті іс-шаралар қолға алынды", - деп хабарлады Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз хатшысы Аслан Жеңісов.
 
Ведомство ақпаратына сәйкес, бұл бағытта Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы тарапынан арнайы топ құрылған.
Мамандар оқиға болған жерге аттанған. Қосымша ақпарат кейін жарияланады.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста