Қызылағаш қасіреті қайталанбасын десек, гидротехникалық қауіпсіздік туралы заң қабылдау қажет

Қызылағаш қасіреті қайталанбасын десек, гидротехникалық қауіпсіздік туралы заң қабылдау қажет

Ел аумағындағы суқоймала­р­дың әрбір бесіншісінің техникалық жағ­дайы мәз емес. 30-40 жыл бұрын салынған бөгеттер жөндеуді қа­жет етеді. Кеше Астанада «Қа­зақстан Республикасындағы гид­ро­техникалық құрылыстардың қа­уіп­сіздігін қамтамасыз ету» тақы­ры­бы­мен өткен ұлттық кеңесте көңілді күпті қылатын осындай мазасыз деректер айтылды.

Қызылағаш қасіретінен кейін суқойма­лар­дың жағдайына байланысты қандай да бір жай­сыз сөз шыға қалса, арқамыз мұздайтыны жасы­рын емес. Өйткені дәл осы нысандарға қатысты «апат айтып келмейді» деудің еш жөні жоқ. Олай дейтініміз, мұндай нысандардың техникалық жағдайы бақылаушы органдарға, одан қала берді иелік етіп отырған қожайындарына әу бас­тан белгілі. Бірақ сөйте тұра, жауапты адам­дар­дың салғырттығынан немесе дер кезінде қаржы бө­лініп, жөндеу жұмыстары жүргізілмеуі себе­бі­нен орны толмайтын апаттарға ұрынып жата­мыз. 
Жә, бұл – өз алдына жеке әңгіме. Біздің бүгін на­зар аударғымыз келген мәселе мынау: Ауыл шаруашылығы министрлігі облыстық әкімдіктермен бірлесе отырып, еліміздегі су шаруашылығы ны­сандарының техникалық ахуалын саралап шы­ғыпты. Тексеру нәтижесі әрбір бесінші суқойма­­ның техникалық жағдайы қанағаттанарлық күйде еместігін көрсеткен.

Бұндай хәлге жеткізген басты себеп­тер­дің бірі – гидротехникалық нысандарды жөн­деу, күшейту және қалпына келтіру, тиіс­ті деңгейде ұстап тұру шығыстарының мар­дымсыздығы болса керек. Су ресу­рс­тары жөніндегі комитеттің бас сарапшысы Жұ­мабек Мұхатовтың сөзіне сенсек, рес­публикалық бюджеттен осындай мақсатқа жы­лына бөлінетін 3,5-15 миллиард теңге қаражат жеткіліксіз. «Тек мемлекеттік су шаруашылығы нысандарының кезек күттірмейтін қайта жөндеу жұмыстарының өзіне 52,7 миллиард теңге қажет», – дейді сарапшы. Ол – ол ма, еліміздің ирригация­лық жүйесін қалпына келтіру және қайта құру шараларына 2010 жыл мен 2020 жыл­дар аралығында 300 миллиард тең­геден астам қаражат қажет болатын кө­рінеді.
Осындай деректерге қарап отырып, «су шаруашылығы нысандарының қауіпсіздігі туралы жеке заң қажет» деген пікір орынды ма дерсіз.

Гидротехникалық нысандардың қауіпсіздігі туралы жеке заң мәселені шеше ме?
Жеке заң қажеттігі туралы пікірді осы кеңестің басында сөз алған Ауыл шаруа­шы­лығы вице-министрі Марат Оразаев айтқан еді. «Су ресурстары жөніндегі комитет 2008 жылы «Гидротехникалық нысандардың қауіпсіздігі туралы» заң жобасын дайындады. Бірақ заңжобалау жұмыстары жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ұсынымдарын қаперге ала отырып, жеке заң қабылдаудың қисынсыз­дығы турасында шешім қабылдағандықтан, заң жобасының ережелері 2009 жылы қа­былданған Су кодексіне түзетулер түрінде енгі­зілді», – дейді вице-министр. Оның сөзіне қарағанда, соңғы екі жылдағы тә­жірибе осы мәселе бойынша жеке заң қа­был­дау мүмкіндігін қайта қарау қажеттігін ал­ға тартып отыр.

Өзіміздікі болмаса, БҰҰ-ның үлгісі бар
«Іздегенге сұраған» дегендей-ақ, гид­ро­техникалық қауіпсіздік мәселесіне ар­нал­ған заңның халықаралық сарапшылар әзір­леген жобасы да бар екен. Осындай заң жобасының үлгісін БҰҰ-ның Еуропалық эко­номикалық комиссиясы Орталық Азия елде­ріне ұсынып отыр. 
Бу Либерт, БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясының қоршаған орта, баспана мәселесі және жер пайдалану бөлімінің өңірлік кеңесшісі:
– «Орталық Азиядағы плотиналардың қауіпсіздігі: өңірлік ынтымақтастықтағы әлеует құру» жобасының бір бағыты – бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы ұлттық әлеуетті күшейту. Себебі Орталық Азия елдерінде заңнама жеткіліксіз дамы­ған. Соған орай, БҰҰ Еуропалық эконо­ми­ка­лық комиссиясы гидротехникалық ны­сан­дардың қауіпсіздігі туралы заңның үлгі­сін жасаған. Осы үлгіні Орталық Азия ел­дері өздерінің ұлттық заңнамаларын да­мы­­тудың негізі ретінде пайдалана алар еді.

Түйін
Негізі, қаржы жеткілікті бөлінсе, ал оның шашау шықпауын қадағалаушы органның қарауылы қырағы, жөндеу жұмыстарын жүргізушілері өз ісіне тиянақты болып, бәрі жиылып келгенде бір ғана мақсатты – гидротехникалық нысанның қауіпсіздігі мен елдің игілігін ойласа, ешқандай жеке заңсыз-ақ іс бітіп жатар еді. Бірақ өкінішке қарай, олай емес. «Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кететіні» секілді, қомақты қаржының иісі шыққан жерде мың жерден мінсіз, жеке заң тұрса да, ақша жымқырылып, су аяғы құрдымға тіреліп жататыны өтірік емес. Сондықтан мәселенің бәрі көп жағдайда жеке заңда емес, жекелеген адамдардың ар-ұяты мен заңға мойынсалдығында ма дейміз.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста