Қызыға бермей италиялық бұйымға, мата жасау Қазақстанға қиын ба?!

Жамбыл облысына екі күндік іссапармен келген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар ілкімді істердің іске қосылуына мұ­рын­дық болды. Ең алдымен облыс орталығындағы Зейнетақы және жәрдемақы төлеу орталығының ғима­ра­тына ат басын бұрды.

«Жасыл ел» бағдарламасы аясында абаттанды­рыл­ған тұрғын үйдің ауласында болып, көне ша­һар­­дың тұрғын­дарымен жүздесті. Басты жаңалық: об­лыс орталығындағы ірі өндіріс ошағы болып та­бы­­латын жүн өңдейтін фабриканы іске қосты. Ке­ле­­шегінен мол үміт күттіретін аталмыш жоба Үде­ме­лі индустриялық-ин­новациялық даму жөніндегі мем­лекеттік бағдарлама аясында жүзеге асы­ры­луда. Елімізде мал шаруашылығы жақсы дамы­ға­нымен, жүнді кәдеге жарата алмай отырғанымыз осы уақытқа дейін айтыла-айтыла жауыр болған еді. Енді одан нәтиже шығатын түрі бар. Аталмыш кә­сіпорын бір жылда 2000 тонна арқар-меринос қо­йының жүнін өңдеп, одан 800 тонна топс өнді­ретін болады. Елімізде жылына 7000 тонна жүн қыр­қылады екен. Малшы қауым енді оны қоқысқа лақ­тырмайтын болады. Аталмыш кәсіпорын жүнді кәдеге жарат­пақ. Фаб­риканың жылына 2000 тонна топс өндіруге мүм­кіндігі бар. Келе­шек­те тоқыма өндірісі бойынша әлемдік на­рық­ты жаулап алған Италия және Индия елдерімен бірлескен кәсіпорын құру да жос­парда тұр. Тіпті болашақта бірлескен кәсіпорынның ар­қасында мата өндірісін дамыту да ойдағы іс. Қазақстандық матаға қарық болатын ақжарылқап күн де алыс емес. Көңіл көркейткен көрсеткіштерге қа­ныққан Елбасы: «Мақ­са­тымыз – тек қана зауыт салу емес, өнімді шетелге сату, әлем­дік нарыққа шығу. Бәсекеге қабілетті өнім өн­діру», – деп атап көрсетті.

Болат МОМЫШЕВ, жүн өңдеу фабрикасының директоры:
– Қазірдің өзінде фабрикада өндірілген топс толығымен сатылып кетті. Келер жыл­дарға алдын ала келісімге отыруға ұсы­ныс жасап жатқандар бар. Зауытта өң­дел­ген жүн 100 пайыз Италия мен Марок­ко­ға экспортталады.
Бағдарламаның болашағы зор екендігін осыдан-ақ бағамдауға болар. Осыдан екі жыл бұрын ғана қолға алынған жоба өз же­місін беріп отыр. Жобаның жалпы құны – 1 миллиард 116 миллион теңге. Оның 167 миллионы ғана – өндіріс орнының өз қар­жысы. Қалғанын «ҚазАгро» холдингі бөл­ген. Ілкімді істі ілгерілету үшін Фран­ция­дан жүн өңдейтін озық технологиялар сатып алыныпты. Өндіріс ошағының ма­ман­­дары да – жергілікті тұрғындар. Шикі­зат­­пен қамтамасыз ету жағынан да ешқан­дай кедер­гі жоқ. Малының жүнін пұлдап, мал­­шы да мәз, екі қолға бір күрек тапқан тұр­­ғын­дар да мәз. Әзірге 100-ден астам адам осы фабрикадан нанын тауып отыр. То­лық қуа­тында жұмысқа кіріскенде 300-ден ас­там адамды жұмысқа қабылдау көз­делуде. Осыдан-ақ облыс орталықтары­нан осын­дай ірі өндіріс ошақтарын ашудың қан­­ша­лықты тиімді екендігін көруге бо­лады. Жұ­мыс­шылардың орташа айлық жа­ла­қысы – 35 мың теңге. Көңіл тоғайтатын көр­сет­кіш­тен соң Мемлекет басшысы жұ­мыс сапа­рының аясында Тараз қала­сын­дағы Қа­зақстан Республикасының Тұңғыш Пре­зи­дентінің саябағында болды. Екінші күнгі жұмыс сапары индустриялық-иннова­ция­лық аймақтағы бағдарламалардың орын­далу барысымен танысудан басталды. Жам­был облысында биылғы жылдың ал­ғаш­қы тоқсанында екі ірі жоба жүзеге асы­рылған болатын. Олар – құрылыс мате­риал­дары мен гранит бұйымдарын шығару өнді­рісі. Елбасыға үстіміздегі жылы жоспар­лан­ған сегіз жобаның төрт инвестициялық жобасы таныстырылды. Оның ішінде Мо­йынқұм ауданындағы цемент өндіретін «Мыңарал Тас компаниясы» ЖШС бар. Аталмыш өндіріс орны 1 миллион 100 мың тонна цемент шығарады. Жобаның жалпы құны – 233 миллион АҚШ доллары. Ең бас­­­тысы, 350 адамды тұрақты жұмыспен қам­­тамасыз ету жоспарланған. Аталған жо­ба ешқандай инвестордың көмегінсіз то­­лықтай өз қаражатымен қаржыланды­ры­­лады. Компанияның Мойынқұм ауда­нын­­­дағы Мыңарал кен орнын пайдаланып, ақ­тас және жұқатас өндіруге құқы бар. Тағы бір ­тың жобаның бірі – «Тараз металлур­гия­лық за­уыты» ЖШС темір қорыту өн­ді­рі­сін ке­ңей­­ту және модернизациялау жоба­сын жү­­­зеге асырады. Жобаның құны –
11 571, 4 мил­лион теңге. Зауытта 1600 жа­ңа жұ­мыс орны ашылатын болады. Биыл­ғы жыл­дың со­ңына қарай пай­да­лануға берілуі тиіс. «Қос­ал­қы бөлшек» АҚ электрометал­лур­­гиялық шағын зауыт құ­рылысы жо­ба­сын жүзе­ге асырады. «Аман­гелді ГПЗ» ЖШС шикі мұнайды қайта өңдеу за­у­ытының құ­ры­лысын жүргізеді. Жобаның жал­пы құ­ны – 3000, 0 миллион теңге. Бү­гінде бұл ны­­сан­да 135 адам еңбек етеді. Жо­ба бо­йынша та­ғы да 100-ден астам жұ­мыс орны ашы­­лады деп күтілуде. Жалпы облыс бо­йынша 19 инвестициялық жоба жү­з­еге асы­ры­ла­ды деп күтілуде. Еліміздегі ин­дус­трия­­лан­дыру картасына облыс әкімі үш жо­баны ұсынып отыр...
Сондай-ақ Елбасы Жаңатас қаласын­дағы темір қорыту өндірісін бастауға рұқсат берді. Металлургиялық зауыт қара метал­дың сынықтарын қайта өңдеу арқылы металл прокатын шығаруға бағытталған. Бұл жобаны жүзеге асырудағы басты мақ­сат – ішкі рынокты металл прокатымен қамта­ма­сыз ету. Өндірістік қуаты жылына 36 мил­лион тонна болатын жобаның құны 450 миллион теңгені құрамақ. Арматура­мен қоса, басқа да темір өнімдерін өнді­ретін болады. Жоғары технологиялық қон­дырғылар орнатылған...
Химия өндірісімен аты танымал Жам­был жері осы салада өнім өндіру көлемін жыл­дан-жылға арттырып келеді. Алдағы уақытта өнім қуатын арттыруға арналған қосымша фабрикалар салу жоспарлануда. Жылына 650 тонна өнім шығаратын күкірт қышқылы цехінің құрылысын жүзеге асыру және жылына 2 миллион тонна өнім шығаратын байыту фабрикасын салу жоспарда өз кезегін күтіп тұр. Ресейлік «Еврохим удобрения» компаниясы Қара­тау қаласында азоттық фосфорлық кешенді мине­ралдық тыңайтқыштар шығару жоба­сын жүзеге асыруды көздеп отыр. Егер бұл жоба іске асырылса, 15 миллиардтан астам теңге қазына қазанына қомақты қаржы құй­мақ. Жамбыл облысының химия өнді­рісінде айдарынан жел ескенімен, жеңіл өнеркәсіпте жүгі жеңіл дей алмаймыз. Бұл сектор аймақ экономикасына да айтар­лықтай үлес қоса алмай отыр. Өнім шыға­ру­дан – 0,14 пайызды, экспорттың 1,1 пайы­зын құрағанымен, оның негізін жүн және тері өнеркәсібі құрайды. Облыста биязы жүнді қой өсіруге қолайлы жағдай­дың тууы топс өндіру және аяқкиім мен тері­ден тігілген аксессуарлар өндірісіне түрт­кі болып отыр.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысындағы сапарынан кейін Оңтүстік Қа­зақстан облысына келді. Мұнда Елбасы биз­нес­тің әлеуметтік жауапкершілігі аясын­да жүзеге асырылған Неке сарайының лен­та­с­ын қиып, сәні мен салтанаты жарасқан нысанды аралап көрді. Одан кейінгі кезекте Шымкент қаласы индустриялық аймақта орналасқан HILL Corporation ЖШС-ның бастағалы отырған жұмысымен танысты. Мотор және трансмиссия майларын өнді­ре­тін зауыт жылына 24 мың тонна өнім шы­ғара алатын қуатқа ие. Елбасының 2005 жыл­дың 6 шілдесіндегі Жарлығы негізінде ірге­тасы қаланған «Оңтүстік арнайы эконо­ми­калық аймағында» тоқыма өндірісін, дәлірек айтқанда, дайын тоқыма өнімдерін шығаруды дамыту мақсатын жүзеге асыру жолын жалғастырумен келеді. Бүгінде бұл ай­мақтың алаңында Oxy Textile ЖШС авто­маттандырылған кешенді жіп иіру-есу фаб­­рикасы мен «Хлопкопром-Целлюлоза» ЖШС кәсіпорындарының жобалары іске асы­рылды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы осы кәсіп­орындарды аралап көріп, елімізде, оның ішінде халқы тығыз орналасқан Оң­түс­тік Қазақстан облысында кіші және орта кә­сіпкерлікті дамытудың маңызы зор екен­дігін атап өтті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста