Құрылысшылар Қорғаныс министрлігіне өкпелі

«Макс Достройсервис-21» ЖШС-ның ҚР Қорғаныс министрлігіне өкпесі қара қазандай. Өйткені министрлік аталған компанияға екі жыл­дан бері 66 миллион теңге көлеміндегі берешегін қайтармай келеді. Кәсіпорын басшылары енді кімге шағы­нарын білмей, тауы шағылып отыр. Алматыда өткен баспасөз мәслихатында компания директоры Александр Скоропадский осылай деді.
Александр Скоропадскийдің айтуын­ша, әңгіме мынадан басталған: 2007 жы­лы «Макс Достройсервис-21» ЖШС мен Скоропадский ҚР Қорғаныс министрлігіне қарайтын «Гвардейская РЭЧ» мемлекеттік мекемесі арасында Жамбыл облысы Гвар­дейский қалашығында аулалар салуға байланысты келісім жасалады. Содан кейін компания тынбай еңбек етіп, жалпы 88 мил­лион теңге көлемінде шығын­да­лады. Бас­тапқыда тендер ұтып алған мекемеге министрлік 18 миллион теңге бере­ді. Банктен алған несиесін жабу үшін Александр Скоропадский кейін тағы 4 миллион теңгені жалынып сұрап алуға мәж­бүр болады. Министрліктің компания­ға берешегі осымен тоқтайды. «Бұл қала­шықта басқа аула болмағандықтан, бар­лық бала осында келіп ойнайтын. Тұр­ғындарға арнап жол, бар­дюр­лер салдық. Біздің еңбегімізді ми­нистр­лік бағаламағанымен, тұрғындар мақ­тап жатыр», – дейді кәсіпорын бас­шы­сы. Оның сөзіне қарасақ, құрылыс мате­риал­дарының барлығы қарызға алынған. «28 миллион теңгеге ас­фальт алдым. Әлі банкке 21 миллион теңге қарызбын», – дейді ол басқа амалы қалмағанын айтып.
Қаржының бөлінбеуін министрлік құры­лыстың ойдағыдай жүргізілмеуімен түсіндіре­ді. Александр Скоропадскийдің пікірінше, егер олар «Гвардейская РЭЧ» меке­месін сотқа бермегенде, бұл жай туралы ұмытылып та кетер еді. «Біз сотқа жүгінуге мәжбүр болдық. Бірінші соттан кейін біржақты комиссия құ­рыл­ды. Олар кейін құрылыс туралы есептің 50 пайызға артық саналғанын айтты. Тағы да себепсіз тексерулер жалғасты», – дейді ол. Ком­пания Қорғаныс министрлігіне орындау­шы хатын жіберді. Енді олар ақша алудың ке­зе­гінде тұр. «Министрлік қаржысын ең­бек­ақы­сын ала алмай жүрген 74 жұмысшы за­ры­ға күтіп отыр. Бізді бұл жұмысқа қор­ға­ныс министрінің өзі тартты, сондықтан істің оң нә­тиже беретініне сенеміз», – дей­ді А.Скоропадский.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста