Құрылыс заттарын қашанғы сырттан тасимыз?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Бүгінде Қазақстан қарқынды құ­ры­­­лыс алаңына айналып отыр. Елбасының бастамасымен жа­ңа «Тұрғын үй-коммуналдық шар­уа­шылықты жаң­ғырту» бағдарламасы қабылдан­ғаны белгілі. Бағдарламаның басты бағыты­ның бірі – жылына 6 мил­лион текше метр шамасында тұрғын үй салуды қам­та­масыз ету. Оған 2011-2013 жылдарға бюджеттен 40,8 миллиард теңге бөлініп отыр. Бұл дегеніңіз – құры­лыс қарқыны қызбаса, кемімейді деген сөз...
Қуанышты жаңалықтың «әттеген-айы» да жоқ емес. Егер құрылыс материалдары қымбат болса, онда пай­да­­лануға берілетін баспананың бағасы да арзан бол­майтыны анық. Жасырары жоқ, қарқын алған құры­лыс саласына қажетті материалдардың дені шеттен тасы­мал­дануда. Отандық өнім жоқ деп ауызды қу шөппен сүр­туге болмас. Дегенмен отан­дық құрылыс материал­дарын өндіретін кәсіп­орын­дардың барлығы жабыла да, жарыса да, жанталасып өнім өндірсе де, ішкі нарық­ты толық қамтамасыз ете алмайды. Расы – осы. Индус­т­рия және сауда ми­нистр­лігінің мәліметтері бойынша, қа­зақстандық құрылыс компаниялары жыл сайын 900 миллион доллардың құрылыс материал­дарын сырттан әкеледі екен. Ал Статистика агент­ті­гінің мәлі­мет­теріне жүгінсек, құрылыс материалдарын тұ­тынуда им­порт­тың үлесі 50 пайыздан асатынға ұқсай­ды.
Техника ғылымының докторы Медiрбай Сә­дуақас­ов: «Еліміздегі компаниялардың 90 па­йы­зы шетел­ден әкелiнетiн құрылыс заттарымен жұ­мыс iстеуге мәжбүр. Елімізде құрылыс өнiмдерiн шы­­ға­ратын за­уыт­тар баршылық, бірақ ол зауыттар­дың өнiм­ге қосатын құр­ғақ қоспаларының барлығы шет­­елден әкелiнедi. Сол себептен де құрылыс ма­териалдарының бағасы да қым­бат», – дейді.
Үйдің іргетасын қалау үшін аса қажетті материалдың бірі – цемент. Оны өндіретін өндіріс орындары елімізде сау­сақпен санарлықтай ғана. Жамбыл облысындағы Мың­арал цемент зауыты мен Шымкенттегі француз­дар­дың қолына өткен цемент зауыты, Састөбе зауыты бар.
Мұнда өндірілген өнімге сұраныс мол. Тіпті кейде сұранысты қанағаттандыра алмай қалатын кездер де көп. Өнімдері Астана мен Алматы сияқты ірі қалаларға жөнелтілуде. Өнімнің бір тоннасы 11 мың теңгеден босатылады. Алайда арадағы алыпсатарлардың қолына өткен соң, бағаның аспанға ұшып кететіні белгілі. 16-18 мың теңгеге бір-ақ шарықтайтын кездер де жоқ емес.
Кейде өнім тапшы болған жағдайда қытайлық өнім мүмкіндікті молынан пайдаланып кетеді. Негізінен, елімізге ағылып жатқан құрылыс материалдарының басым бөлігі Қытайдан тасымалданса, екінші орында Түркия табандап тұр. Одан бөлек құры­лысқа аса қажетті материалдың бірі – ағаш өнімдері. Еденінен бастап, шатырын жапқанға дейінгі жұмыстарға қажетті ағаш­тарды амалсыз тағы да шеттен тасы­мал­даймыз. Еліміз орман қорымен мақ­тана алмайды. Қолда бардың өзін әжетке жарата алмай отырған жайымыз бар. Сол себептен де осы аса құнды материалды импорттауда Ресей алдыңғы орында. Одан бөлек линолеум, терезе, тұсқағаз, әйнек – бәрі-бәрі қазақтікімін деп тұрған жоқ. Тіпті шегеге дейін шетелден тасымалдаған соң... айтуға сөз жоқ. Күйген кірпіш, шлако­­блок өндіретін кішігірім өндіріс орындары баршылық. Бірақ оның өзі де там-тұм. Олар­дың шығарған өнімдері алып құрылыс алаң­дарының бір шетіне ғана жұтылып кетіп жатыр.
Отандық өндірушілердің арасында бетон плита шығаратын салада тіпті кеңістік бос деуге болады. Павлодар қаласындағы «Казстрой-меридиан» ЖШС сияқты бірді-екілі ғана өндіріс орындары бар. Былтыр Шымкентте де шеге шығаратын цех ашылды. Бірақ аларманы көп болғандықтан, сұранысты дер уақытында өтей алмайды. Бір қызығы – өнім отандық болғанымен, оны шығаруға атсалысатын технологиялар­дың бәрі де тағы да шетелге барып тіреледі. Бетон плитаны немістің технологиясымен шығарса, шегені Қытайдың техникасы жасап шығарады.

               Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Әсем ғимараттардың көркін кіргізетін керамогранит саласында сең қозғалды. Бүгінде Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында гранит өндірісі жолға қойылған. Мұнда гранит, мәрмәр плиткалар жасап шығарады. Еліміздегі осы салаға қажетті кеңістікті тағы да Қытай жаулап алған. Бір жылдың ішінде Қытайдан 180 миллион доллар тұратын гранит өнімдері тасымалданады екен. «Қазгранит» компаниясының өнімдері ішкі нарықтың тек 3-4 пайызын ғана қамтамасыз ете алады. Әйтеуір, жоқ­тан бар ғой деп шүкіршілік етуден ары аса алмаймыз тағы да. Ал толық қамту үшін елімізге кем дегенде осындай зауыттың 30-ы керек екен. Дерек бойынша әлемдегі гранит пен мәрмәрдің ең мол қоры біздің елімізде. Елімізде гранит өндіруге болатын 205, мәрмәр өндіруге болатын 176 ашыл­ма­ған кен орны бар көрінеді. Оның бәрі де Кеңес Одағы кезіндегі геологиялық-бар­лау жұмыстарында белгілі болған. Бү­гін­де соның тек 1 пайызға жетер-жетпесін ғана кәдеге жаратып жатыр екенбіз. Әлем­де гранит өндірісінің көшбасында тағы да Түркия мен Қытай тұр. Осыншама кен ор­ын­дарымен әлемдік нарықты жаулап алуға болады-ақ.
Бүгінде еліміздегі кабель өніміне қа­жеттілік 105 миллиард теңгені құрайды, жартысына жуығы шетелдерден әкелінеді. Ал жылыту батареяларына деген сұраныс ешуақытта да төмендеген емес. Бұл салада да бізді Ресей мен Қытай «жылытып» отыр. Тағы бір «әттеген-айымыз» бар. Ол – Ресей мен Қытайдан заңды және заңсыз жолдармен жеткізілетін құрылыс материалда­ры­ның рынокты жаулап алғандығы. Елбасы Қазақстан мен ҚХР арасындағы тауар айналымына қатысты статистикалық мәлімет­тердің жылына орта есеппен 3 миллиард долларға айырмашылықта болып шыға­тынын Үкімет пен Қаржы министрлігінің наза­рына бірнеше мәрте салған болатын. Кейіннен құрылыс компанияларына жүр­гізген тексерулерде құрылыс бизнесімен айналысатындар шығындарының өзін­дік құнын, құрылыс материалдарының баға­сын аспандата көрсететіні белгілі болды. Ал шындығында олар шетелдерден арзан бағаға әкелетін құрылыс материалдарын декларацияда көрсетпей, контра­бан­далық жолмен тасиды. Осылайша қазына қазаны шөміштен қағылып, бірталай табысынан айырылуда. Бұл – бөлек тақырып... Бір мақала барысында құрылыс саласына қатысты түйіні тарқатылуы тиіс барлық мәселені қамту мүмкін емес, әрине. Бас­ты-басты дегендеріне ғана тоқ­талдық. Құрылыс саласына қатысты шаруаның бәрінің шешімін табуға болады-ақ. Қар­қынды даму жолына түскен шақта отандық өндірушілерге қолдау мен демеу қажет сияқты. Шетелдік өнімді на­рықтан ысырып шығаруға қауқарымыз жетерлік. Тек тетігін тауып, ынта-ықылас танытсақ болғаны.
Нұрғани ӘБДІҒАНИҰЛЫ, «Отау строй» ЖШС-нің учаске бастығы:
– Құрылысқа қажетті материалдардан, негізінен, отандық өнімдерді пай­да­лануға тырысамыз. Дегенмен өзіміз­де өндірілмейтін өнімдер де бар ғой. Мәселен, декоративті панельдер, терезеге қажетті пластик өнімдер, жылыту батареяларын шетелден тасымалдауға мәжбүрміз. Тез тұтанғыш алюкобондты бүгінде құрылысқа пайдалануға тыйым салғандықтан, оны мүлде пайдаланбай­мыз. Жылу блоктары, көбікті блоктар сияқты материалдардың басым бөлігін отандық өндірушілерден аламыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста