Таяуда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын анықтау мақсатында, жан-жақтан келіп түскен ұсыныстардың негізінде ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының жобасын әзірледі. Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 7-сі күні аталған жобаны арнайы мониторинг тобы талқылады.
Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру мен іске асыруда азаматтық қоғамдастық ұйымдарын кең тартуын есепке ала отырып, 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын сыртқы талдау және іске асыруын бағалау мәселесі де Арнайы мониторингтеу тобының отырысында қарастырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының негізгі дегендеріне тоқтала кетейік, Олар төмендегілей:
1. 2015-2025 жылдарға арналған ҚР Жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру бойынша 2018-2020 жылдарға арналған ведомстволық жоспар құрып оны бектіу.
2. Жемқорлыққа қарсы шаралардың нәтижелерін БАҚ-ына және өкілетті органдар сайттарына жариялау.
3. «Жемақорлық пен мемлекеттік қызмет қарама-қайшылығына қатысты ҚР заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы концепциясын әзірлеу. Бұл дегеніміз жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіруге бақытталады, сондай-ақ жемқорлдыққа қатысты жаң бұзушылықтың жауапкершілігі де күшейеді.
4. Мемлекеттік қызметтегі келіспеушіліктер мен шектеулер мәселесіне қатысты Қазақстан Республикасы заңдық нормаларының орындалуына мониторинг жасап, талдау.
5. Мемелкеттік қызметтерді оптимизациялау мен автоматтандыруды жетілдіру.
6. Мемлеткеттік қызметкерлдердің мемлекет мүлігін заңсыз пайдалануына шара қолдану, мысалы, автокөлікті қызметтен бос кезінде өзінің жеке мүддесі үшін қолданбауын бақылау үшін GPS құрылғысын орнату;
7. Мемелкеттік қызметтің стандарты мен регламенттерін ретке келтіру, айталық жұмыс кестесі.
8. Жасырын мемлекеттік қызмет түрлерін анықтап, олардыңмемелкеттік қызмет реестріне қосу
9. Жемқорлықты алдын алу үшін мемлекеттік органдардың ғаламтор-ресурастарының жұмысын қадағалау.
10. Порталдарға Үкіметтің, парламенттің, облыс орталықтары мәслихаттарының отырыстарын ашық жариялау; т.б.
Жиынға әкімдіктердің жауапты өкілдері, біршама үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар, бұқаралық ақпарат құралдары және сарапшалар қауымдастығы өкілдері қатысты.
ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаевтың айтуынша, еліміздегі жемқорлыққа қарсы саясаттың нәтижесінде соңғы жылдары Қазақстанда жемқорлыққа қатысты қылмыс көрсеткіштері азайып келеді.
«Жемқорлық мәселесі мемлекетті ғана емес, жалпы қоғамды алаңдатады. Елімізде жемқорлық көрсеткіші жоғары болғандыцқтан әлем бойынша 123 орындамыз. Дегенмен соңғы 2-3 жылдағы жемқорлыққа қарсы саясаттың арқасында біршама нәтижеге жеттік», дейді А.Шпекбаев.
Алматы қаласының әкімі Бауыржан Бәйбектің айтуынша, қаладағы барлық атқаралытаны шаралар ашық түрде өтеді. Жер телімдерін бөлу, пәтерлер беру, құрылыс, сәулет, білім, денсаулық салалары бойынша тұрғындарды алалау, бөлу жоқ, бәрі әділетті түрде шешіледі. Жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа жол бермеу үшін тұрғындарға, кәсіпкерлерге, өкілетті адамдарға нақты тапсырламалар береміз.
«Қалада қалай болса солай құрылыс нысандары, үйлер салынбас үшін, қоғамдық кеңістіксақталу үшін мемлекеттік-сәулет бақылауы күшейтілген. Жер қоры да сақталды. Жерлі пайдалану мәселесі тек қана мегаполистің бас жоспарына сәйкес қана пайдалануға беріледі. Осындай шаралар жемқорлыққа барынша жол бермейді. Бүгінде құрылысқа арнайы рұқсат алу, электр жарғын қосуға рұқсат алу көрсеткіші жоғарылаған. Сондай-ақ қалада жол полициясы қызметкерлерінің арасында жемқорлықты азайту мақсатында ағымдағы жылы мыңнан астам бейнекамералар орнатылды», деді Алматы қаласының әкімі.
Айнұр Нұрсабет