Қостанайда облыс орталығының 31 жастағы тұрғыны тез тамақтанатын мейрамхананың жанына аза тұтуға арналған гүл шоқтарын қойғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, заң бұзушы бұл әрекетке досымен бәстескені үшін барған.
Қостанай қаласының Полиция басқармасы қала тұрғынына қатысты "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік материал жиналғанын хабарлады. Іс жүргізу шешімін сот қабылдайды. Сонымен қатар ұсталған кезде бұл азамат көлік құралын пайдалану ережелерін бұза отырып, автокөлікті басқарған. Жол ережесін бұзғаны үшін де ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.