Қостанайда бес қабатты тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала болжам бойынша, оқиға темекі шегу кезінде абайсыздық салдарынан орын алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
13 маусым күні сағат 03:33-те өрт сөндірушілер үйдің екінші подъездінен қатты түтінді байқаған. Тұрғындар қауіпті аймақта қалып қалған.
Ашық жалын екінші қабаттағы пәтер мен балконға жайылған. Өрт екінші және үшінші қабаттардағы көрші балкондарға да таралған. Өрт аумағы шамамен 24 шаршы метрді құрапты.
"Өртті сөндіру және азаматтарды құтқару және эвакуациялау үшін ауа тыныс алуға жарамсыз болғандықтан, бірден 6 адамнан тұратын газ-түтіннен қорғау қызметінің екі учаскесі жұмысқа кірісті. ТЖД күшімен баспалдақ бойымен подъезден 46 адам эвакуацияланды, оның 12-сі – балалар. 8 адам оның ішінде 3 бала құтқарылды”, – деді ТЖД қызметінде.
Өртті сөндіруге Қостанай қаласының үш өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 19 адам мен 5 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Өрт бір сағаттан соң толығымен сөндірілді.