1 сәуір Халықаралық құстарды қорғау күніне орай Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Орман, жер ресурстары және фитосанитария» факультетінің «Аңшылықтану және аң шаруашылығы» мамандығының 2-3-курс студенттері құс ұяларын жасап, игі шара өткізді. Құс ұялары университет ауласындағы және «Ақ қайың» студенттер үйі маңайындағы ағаштарға орнатылды. Шара барысында «Орман, жер ресурстары және фитосанитария» факультетінің деканы, э.ғ.д., профессор Абаева Құрманкүл Төлеутайқызы, «Орман ресурстары және аңшылықтану» кафедрасының меңгерушісі, а.ш.ғ.д., профессор Кентбаев Ержан Жүнісұлы, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, а.ш.ғ.к. Байбатшанов Мұхтар Қасенұлы, «Гүлстан» республикалық ғылыми-танымдық, көпшілік журналының PR менеджері, «Гүлзар» Қоғамдық бірлестігінің директоры Батима Қабдолданова,«Аңшылықтану және аң шаруашылығы» мамандығының 3-курс студенті Асан Раушан өз ойларын ортаға салды.
– Құс ұясын жасау – құстарға қомқоршы болып оларға қолайлы жағдай жасау үлкен сауап және табиғат анаға деген студенттердің қамқорлығы үлкен тәрбиенің басы, – деген Мұхтар Қасенұлы, құстарды қорғау туралы алғаш рет 1868 жылы Вена қаласында шешім қабылдағанын, ал АҚШ-та 1894 жылы құстарды қорғау күні мерекесі ретінде аталып өткенін және 1906 жылы Құстарды қорғау бойынша конвецияның бекітілуінен кейін Халықаралық құстар күні аталып өте бастағынын айтып өтті.
Түркісіб ауданындағы №167 балабақшада және Бостандық ауданында орналасқан №90 балабақшада осы игі іс жалғасын тапты. Балабақша ұжымы арнайы концерттік бағдарлама дайындап өнерлерін көрсетті. Университет студенттері Асан Раушан, Тоқтаралиев Нұрым, Әлібек Нұрислам кішкентай балдырғандарға құс ұясын жасаудың ерекшеліктері мен маңызы жайында әңгімеледі.
Байбатшанов Мұхтар Қасенұлы құстарды қорғау өте қажет шара екенін айтып, елімізді мекендейтін 500 құстың 57-сі «Қызыл кітапқа» енгеніне және олардың азайып кетуі экологиялық апаттың алғы шарты екеніне баса назар аудару керектігіне тоқталды.
«Гүлзар» Қоғамдық бірлестігінің директоры Батима Қабдолданова осындай игі істерді атқарып отырған «Аңшылықтану және аң шаруашылығы» мамандығы студенттерінің игі істері болашақта да жалғасын табатына сенім білдірді.
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі.
Суреттерді түсірген М.Ботабеков