Қазақстанның Тәуелсіздігі күні қарсаңында Маңғыстау облысындағы Басқұдық ауылының алғашқы тұрғындары табиғи газға қосылды

Маңғыстау обл. Басқұдық ауылы 05 желтоқсан 2018 г.
Бүгін Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы Басқұдық ауылының алғашқы тұрғындарына газ берілді. Жұмыстар «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Маңғыстау облысының елді мекендеріндегі газ тасымалдау жүйелерін жаңғырту және жаңасын салуға бағытталған инвестициялық жобасы аясында жүргізілді. Жоба 2015-2020 жылдар аралығында жүзеге асырылады.


Аталған нысан Мұнайлы ауданындағы Атамекен және Басқұдық ауылдарын газдандыру жобасының алғашқы кезеңі болып табылады. Бүгінгі таңда жоспарланған 100 тұрғын үйді көгілдір отынмен қамтитын 2,6 км газ құбырының 1,2 км-не газ берілді. Бұл 45 абонентті газбен қамтуға жеткілікті. Жұмыстар толығымен 2019 жылы аяқталады деп күтілуде. Жалпы жоба аясында 20 км газ құбыры салынып, 690 жаңа абонент газға қосылады.
Аталған ауыл бұған дейін газдандырылмаған болатын. Енді нысан іске қосылғаннан кейін елді мекен тұрғындарын көгілдір отынмен қамтамасыз етуге қатысты туындаған сұрақтар толығымен шешімін таппақ.
Бүгін Басқұдық ауылының ахуалымен Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов танысып қайтты. Мұндағы жүргізіліп жатқан газдандыру жұмыстарының барысымен өңір басшысын «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Маңғыстау өндірістік филиалы директорының бірінші орынбасары Ернұр Ыбраев таныстырды.

Ернұр Ыбраев - «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Маңғыстау өндірістік филиалы директорының бірінші орынбасары:
- Жалпы инвестжоба аясында облыс бойынша 5 ауданда (Мұнайлы, Маңғыстау, Түпқараған, Қарақиян, Бейнеу) және Жаңаөзен қаласында жұмыстар атқарылады. Жаңғыртылатын және жаңадан салынатын газ тасымалдау желілерінің ұзындығы 1328,63 км-ді құрайды. 6 АГТС пен 77 газ тарату пункттері салынбақ
Жобаны жүзеге асырудың арқасында облыстың газдандырылу деңгейі артады, жаңа нысандарды, тұрғын үйлер мен бизнеске арналған ғимараттарды газдандыруға бағытталған қажетті инфрақұрылым жасауға мүмкіндік туады. Газдандырылып жатқан қалалар мен өзге де елді мекендердің инвестициялық тартымдылығы және тұрғындардың өмір сапасы өседі. Бұған қоса, инвестициялық жобаны жүзеге асыру кезінде 800-ге тарта жұмыс орны ашылды, ал жоба толық жүзеге асырылғаннан кейін 100 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі.

Анықтама үшін: 2015 жылдың ақпан айында «ҚазМунайГаз» ҰК АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ және Маңғыстау облысы әкімдігінің арасында Меморандумға қол қойылды. Құжатқа сәйкес, 2030 жылға дейін Қазақстан Республикасын газдандырудың Бас сызбасы аясында облыста жаңа газ жүйелерін салу, жоғары, орта және төмен қысымды газ құбырларын төсеу, Жаңаөзен қаласында 3 АГТС бар жоғары қысымды жеткізуші газ құбырларын салу, ауылішілік жоғары және орта қысымды жерасты газ құбырларын төсеу, сонымен қатар ауылішілік төмен қысымды газ құбырларын төсеу көзделген.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Маңғыстау өндірістік филиалының иелігінде 6 аудандық газ шаруашылығы, ұзындығы 3 875,2 км газ құбыры, 3 356,4 км газ таратушы жүйесі және 518,8 км «Жаңаөзен-Ақтау» магистралдық жүйесі бар.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста