Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов Солтүстік Қазақстан облысы коронавирустың таралуына байланысты "сары" аймаққа кіргенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Еліміздің екі аймағында вирус жұқтырғандар саны күрт артты. 
 "Қазіргі таңда жағдайы нашар аймақ жоқ. Бірақ "Сары" аймаққа енген облыстар бар. Ол - Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облысы", - деді қиясов. 
21 қазанда денсаулық сақтау министрлігі "сары" аймақта тек Шығыс Қазақстан облысы, ал қалған барлық аймақтар "жасыл" аймақта екенін хабарлаған болатын. Алайда вирус жұқтырғандар санының өсуі байқалған. 
Еске салсақ, осыған дейін ШҚО-да қандай шектеу шаралары енгізілгені белгілі болған.
Stan.kz