Қазақстанның көп бөлігінде ауа-райы аязды болады деп күтілуде
Сегізінші наурызда Қазақстанның көп бөлігінде ауа-райы аязды болады деп күтілуде. Көктемнің алғашқы мерекесіндегі ауа-райы салқын болғанымен, есесіне 22 наурызда еліміз бойынша күн күрт жылынып, жайма-шуақты күндер келеді деп болжайды синоптиктер.

8 наурызда еліміздің барлық аймағында антициклон әсері байқалады. Астана мен Алматы қалаларында жауын-шашын болмайды. Елордада мереке күні түнде 12 градусқа дейін аязды болса, күндіз 8 градус нөлден жоғары болады деп күтілуде. Ал Алматыда түнде 4 градусқа дейін суытса, күндіз алты градусқа көтерілмек. Наурыз мерекесі күні ауа температурасы еліміз бойынша көтеріледі.