Синоптиктер 4-6 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оңтүстік пен шығыста қатты жауын-шашын болады деп күтілуде. Еліміздің кей жерлерінде көктайғақ болып, жел күшейеді.
"Келесі Атлантикалық антициклон, елдің батысынан шығысына қарай солтүстік-батыс циклонымен қатар ауысып, белсенді фронтальды бөліктерді құрайды. Олар республиканың оңтүстігінде және шығысында жауын-шашын, қар және ауа температурасының ауытқуымен бірге жүреді. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді деп күтілуде", - деп хабарлайды Қазгидромет.