Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің ардагері, &ldquoҚұрмет&rdquo орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мүсіреп Еркебұлан Саламатұлы 75 жасына қараған шағында бақилық болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
Еркебұлан Саламатұлы 20 жылдан астам уақыт бойы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрін басқарған. 
 
Басшылық қызметі кезінде ол Ахмет Жұбанов құрған оркестрдің бұрынғы атақ-даңқын қалпына келтірді. Тіпті, Мүсіреп Еркебұлан оркестрмен бірге әлемдік турне жасады.
Біртуар азамат П.И.Чайковский атындағы музыка училищесін сырнайшы және халық аспаптары оркестрінің дирижері мамандықтары бойынша оқып бітірген.