Қазақстандық ғалымдар көмірден синтетикалық мұнай өндіруге дайын

Қазақстандық ғалымдар көмірден синтетикалық мұнай өндіруге дайын

Қазақстандық ғалымдар көмірден синтетикалық мұнай өндіруге қатысты жұмыс жобасын аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университеті, жаңа химиялық материалдарды талдау ғылыми зерттеу институтының директоры Сергей Калугиннің айтуынша, отандық жоба қаржыландыруға толық дайын.

Калугиннің айтуына қарағанда, бұл жоба Білім және ғылым министрлігінің, сондай-ақ, "Парасат" ұлттық ғылыми холдингінің қолдауымен зерттеліп отыр. Ғалымдар өз технологияларының жобасын жасау үшін арнайы грант алған.

Институт директорының мәліметінше, сарапшы мамандар синтетикалық мұнай алуды Ақтөбе облысының билігімен бірлесіп жүзеге асыруда ұсынып отыр. Калугин "аталмыш облыста синтетикалық мұнай алуға болатын бірнеше көмір кені бар. Алайда екі жақ әлі нақты келісімге келген жоқ", - дейді.

Бұған қоса сарапшы маман синтетикалық мұнай негізгі мұнай көзін алмастыра алмайтынын да алға тартуда. Дегенмен, бұл мұнай арзан бағаланбайды. Қазір Қазақстандағы мұнай өнімдерінің тапшылығына қатысты бұл бағытта жұмыс істеу қажеттілік болып отыр.

"Біз болашақ үшін жұмыс істейміз. Сондықтан көмірден синетикалық мұнай алуды жалғастырамыз", - дейді Калугин.
Бұдан бұрын энергетика министрі Владимир Школьник Қазақстанда көмірден синтетикалық мұнай алу жобасы бойынша жұмыс жасалып жатқанын мәлімдеген болатын. Ол елдегі көмір қоры шамамен 300 млрд тоннаны құрайтынын айта келе, бұл жоба мұнай-газ компанияларының бәсекеге қабілеттілігін арттыратынын алға тартты. Школниктің мәлімдеуінше, синтетикалық мұнай өндіру елде шикізат көзін молайтып, Қашағанмен салыстыратын мұнай қорын жасақтауға мүмкіндік береді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста