Қазақстанда мысықтарға арналған COVID-19 вакцинасы әзірленді, деп хабарлайды zakon.kz.
Қазақстандық ғалымдар кәдімгі мысыққа арналған NARUVAX-C19 (pets) деген COVID-19-ға қарсы жаңа суббірлікті вакцинаны таныстырды.
Біздің кейбір үй жануарларымыз, атап айтқанда, мысықтар осы инфекцияға бейім және вирустың мутациясына өз үлесін қосуы мүмкін, деді Қазақ ұлттық аграрлық университеті жанындағы Халықаралық вакцинология орталығының директоры Қайсар Табынов.
Вакцина мысықтарға жан-жақты сыналды, нәтижесінде SARS-COV-2 вирусынан қорғайтыны расталды.
Ол сонымен қатар COVID-19 вирусының "дельта штаммына" қарсы бейтараптандыратын антиденелердің жоғары титрлерінің пайда болуына себеп болды, делінеді.
Вакцина мысықтарға тексерілген, бірақ онымен басқа жануарлар да егілуі мүмкін. Осы вакцинаның көмегімен біз жануарлар әлемін COVID-19-дан қорғай аламыз деп үміттенеміз, - деді ол.
Жануарларға арналған коронавирустық вакцина құрамы адамдарға арналған вакцинадан мүлдем өзгеше.
"Бұл мүлдем басқа вакцина, атап айтқанда, оның адъюванты – антигенге иммундық реакцияны күшейтетін компоненті ерекше", - деп атап өтті ғалым.