Қазақстанда ақпан айында тұрғын үй бағасы өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.
«2021 жылдың қаңтарымен салыстырғанда ақпан айында абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату бағасы 3,1%-ға, жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 1,2%-ға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 1,6%-ға жоғарылады», - делінген хабарламада.
Тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруіне тоқталсақ, өткен жылдың ақпан айымен салыстырғанда қолданыстағы тұрғын үй 20%-ке қымбаттады. Жаңа пәтерлердің бағасы 2020 жылдың ақпанымен салыстырғанда 8%-ке көтерілді.
Сонымен қатар, қолданыстағы тұрғын үйді жалға алу төлемі 1,6%-ке артты, өткен жылдың ақпанына қарағанда өсім – 11,3 %.