Қазақстанда дін қызметкерлері үшін шапанның жаңа үлгісі бекітілді (ФОТО)

Дін қызметкерлері үшін жаңа шапан үлгісі әзірленді. Киім сапалы және жаңа сән үлгісімен жасалынған.Бірнеше жылдан бері діндарларымыз жазда жағасы мен жиектері оюланған ақ шапан киетін. Ал, қыста киетіні - жағасының түсі қара барқыт шапан. Оның бәрі бір ательеде тігілмегендіктен, ақ деген түсінің өзі әркелкі, қарасы да тап солай болатын. Осының нәтижесінде ұлттық нақыштағы ою-өрнектерімен де, түсімен де бір-бірінен ерекшеленді. Осы әр түрлі киім үлгілерін бір ізге түсіру мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген Төралқа мәжілісінде екі түрлі шапан үлгісі қаралып, талқыланып бекітілді, деп хабарлайды «Алаш айнасы» порталы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Біріншісі (1-сурет) Діни басқарманың бөлім басшылары, облыстардағы, өңірлердегі өкіл имамдар киетін шапанның жаңа үлгісі. Ол шапан үлгісінің нөмірі: 17-15; түсі – сүт түсті, кестелері күміс түсті; алдыңғы жиегі күміс түсті парчамен (аппликация) және жаны ою өрнекпен кестеленген; жағасы сырылып тігіліп, жиегіне сарғыш жылтыр мата жүргізілген; астары сүт түсті жұқа мата.

Ал, екіншісі жалпы еліміздің имамдары киетін шапан. Оның сипаты мынадай: Шапан үлгісінің нөмір - 16-15; түсі – сүт түсті, кестелері күміс түсті; алдыңғы жағына кестелі жиек жүргізілген және жиегі ою-өрнекпен кестеленген; жағасы сырылып тігілген; астары сүт түсті жұқа мата.Нәтижесінде дін қызметкерлеріне арналып тігілген шапан үлгілері төралқада мақұлданып, бір ауыздан бекітілді. Енді осы киім үлгілері қолданысқа енетін болады.
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста