Қазақстан Турин процесінің теңқұқылы қатысушысы болады

Елімізде кәсіптік және техникалық білім беретін 882 оқу орны бар көрінеді. Бұл оқу орындарында шамамен 609 мың адам білім алуда. Оның 221 мыңы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқып жатыр. Қарап отырсаңыз, осыншама адамның барлығы оқуын тамамдаған соң, жұмысқа тұрып кетуі екіталай. Білім және ғылым министрлігі бұл оқушыларға шетелде жүріп «нанын тауып жейтіндей» мүмкіндік жасап отыр.
Кеше Астанада Білім және ғылым министрлігінің су жаңа хатшысы Болатбек Әбдірәсілов пен Еуропалық білім қорының (ЕБҚ) директоры Мадлен Шербан Қа­зақстан мен ЕБҚ арасындағы техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Сол арқылы ендігі жерде Қазақстан Турин процесінің теңқұқылы қатысушысына айналады. Мұндағы үлкен жетістік – техникалық және кәсіптік салада оқу тамамдаған оқушыларымыздың дипломы Турин процесіне қатысушы елдердің бәрінде тең дәрежеде жүре бермек. Сон­дай-ақ қазақстандық құжаттар халық­ара­лық деңгейде танылып, мамандарымыз шетелге барып қызмет жасауға мүмкіндік алмақ. Қысқасы, болашақта Қазақстан шетелді кәсіби мамандармен қамтамасыз етіп жатса, таңғалуға болмайды. Бәрі де мүмкін. Бұған қоса, аталған үрдіс техни­калық салада сапалы мамандарды даяр­лауға да мүмкіндік береді. Жалпы, Қазақстан ТМД ішінде Еуропалық білім қорымен ынтымақтастық хаттамасына қол қойған бірінші ел болып отыр. «Техникалық және кәсіптік білімнің Турин процесіне қосылуы Қазақстан үшін тарихи оқиға болмақ және де аталмыш сала жүйесін жаңғыртуға жаңа серпін береді. Турин процесіне қосылудағы негізгі мақсат – қазақстандық мамандарды ішкі және сыртқы еңбек нарығында бәсекеге қабі­летті ету. Сондай-ақ еліміздің білім беру жүйе­сінің сапасын арттыруға септігін тигізеді», – дейді жауапты хатшы Болатбек Әбдірәсілов. Елбасымыздың білім сала­сына айрықша көңіл бөліп отырғанын іштей сезген Мадлен Шербан: «Әлемдегі кез келген мемлекет білім саласына ерекше көңіл бөлетін сіздердің президенттеріңіздей президент қалайтын шығар», – деп ағынан жарылды. Ол Қазақстан білім және ғылым министрін алдағы қазанның 25-26-сы күндері Турин қаласында өтетін кон­ференцияға шақырды. «Конференция барысында жоғары оқу орындары мен техникалық білім беру салаларындағы өзара байланыс мәселелері талқыланады деп жоспарлануда. Онда Қазақстан өзінің білім берудегі тәжірибесімен бөлісе алатын болады», – деді ол.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста