Болат Әбілов 16 мамыр Алматыда өткен баспасөз мәслихатында "Bizdin Tandau" атты саяси партиясын құратынын айтты. Сонымен қоса партияны құрушылар Қазақстан атауын – Қазақия деп және ел астанасын – Алашорда деп атауды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қазақстан атауы Кеңес одағынан бері келе жатыр. Желтоқсан, Жаңаөзен, қаңтар оқиғаларынан кейін бұл атауда бір қарғыс бар секілді сезіледі. Мұнымен қатар біз Назарбаевқа қатысы бар атаулардың барлығын алып тастауымыз қажет. 30 жыл бойы елді тонаған адамның аты халықтың есінде сақталып қалуға лайықты емес. Сол себепті біз Қазақстан атауын – Қазақия деп, ал астананы – Алашорда деп атауды ұсынамыз", - деді Әбілов.