Қазақ жерінде сакура гүлдейтін болды

Енді Қазақстанның мегаполисі саналатын Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары  Жапонияның ұлттық нышаны саналатын сакураны тамашалай алады. Өткен сенбі күні қала  әкімдігі  ғимаратының жанында оның алғашқы көшеттері отырғызылды.
Сакура отырғызу рәсімі салтанатты түрде өтті. Жиынға қала  әкімі Ахметжан Есі­мов, Жапонияның Қазақстандағы тө­­­­­тен­ше және өкілетті елшісі Сигэо Нацуи, Toshiba корпорациясының пре­зи­денті Ацутоши Нишида, аталған кор­­порацияның вице-президенті Но­рио Сасаки, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ президенті Мұхтар Жәкішев және бас­қа да шетелдік қонақтар қатысты. Не­гізі­нен, бұл өсімдік түрі біздің халыққа  достық сый ретінде  2008 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы елге сапары кезінде тарту етілген болатын.  Оны тап­сырған Toshiba корпорациясының өкіл­дері бұл кәде «Қазатомөнеркәсіп» ком­паниясымен арадағы достықты одан әрі жалғай түседі деген үмітте.  Сакура –  шие тектес өсімдік. Оны Жапонияның  бар­лық жерінен кезіктіруге болады.  Бізде егілген сакураның тоғыз сұрыбы қысы қатты, жазы құрғақтау болатын Хоккайдо аралынан әкелінген.  Қонақтардың айту­ынша, өсімдіктің бұл түрі Алматының ауа райына тез бейімделеді екен. Әкімдік алдына отырғызылған  сакура үш жыл көлемінде толық жерсінгеннен кейін гүлдеуі тиіс. «Сонда ғана  алматылықтар мен қала қонақтары  осынау ғажайып ағаштың гүлдегенін тамашалай алады. Жа­­пондардың «сакураны қызықтау» дәс­түрі біздің мәдениетіміздің бір бөлігіне айналуы ғажап емес», – дейді олар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста