Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Халықаралық «Қысқы мектеп- 2021» шарасы басталды

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Халықаралық «Қысқы мектеп- 2021» шарасы басталды

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде дәстүрлі «Халықаралық қысқы мектеп - 2021» шарасы өтуде. 15-27 ақпан күндері аралығында өтетін ауқымды бағдарлама биыл онлайн ұйымдастырылуда.

2020 жылдың 23 қазанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен жоғары оқу орнына ұлттық зерттеу университеті мәртебесі берілгені белгілі. Осы мәртебеге сәйкес Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың ұлттық бағдарламасы шеңберінде университетті дамытудың 2026 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламасы әзірленіп, қабылданды. Мақсат - әлемдік деңгейдегі университет болу және 2024 жылға қарай QS-400 рейтингіне ену.

Осы бағытта оң нәтижелерге жету үшін университет әлемнің 140 жетекші жоғары оқу орындарымен және ғылыми орталықтарымен табысты ынтымақтастығын жалғастыра бермек. Халықаралық қысқы мектепті өткізу - бұл серіктестермен кезекті рет пікір бөлісіп, жаңа идеяларды талқылап, ғылыми және оқу бағдарламаларын бірлесіп іске асырып, тәжірибе алмасу мүмкіндігі.

Қысқы мектеп жұмысына әлемнің 33 елінен 2021 тыңдаушы қатысуда. Қысқы мектепте сабақ өткізуге 133 шетелдік ғалым тартылған. Атап айтқанда, онлайн Қысқы мектеп жұмысына ТМД елдерінің жетекші аграрлық жоғары оқу орындары ректорларының Кеңесі, 16 Халықаралық жоғары білім және ғылым қауымдастықтары мен ұйымдары, Аграрлық жоғары оқу орындары мен ғылымның жаһандық консорциумы (GCHERA), Еуропалық жоғары оқу орындарының қауымдастығы, Университеттердің Ұлы Хартиясы, Еуропалық өмір туралы ғылым университеттерінің қауымдастығы (ICA), CASCADE, Вишеград университеттерінің қауымдастығы, Vetistanbul Group, IREG Халықаралық обсерваториясы, Green MetricWorld University Ranking, Жібек жолы университеттерінің желісі, «Eurasia-Pacific-Uninet» университеттер қауымдастығы мамандары қатысуда. Сонымен қатар, АҚШ, Швеция, Финляндия, Канада, Италия, Германия, Португалия, Польша, Румыния, Венгрия, Ресей, Сербия, Болгария, Словакия, Түркия, Малайзия, Оңтүстік Корея, Египет, Пәкістан, Литва, Армения, Беларусь, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан т.б. ғалымдары мен ғылыми-зерттеу инситуттарының жетекшілері, ҚР АШМ, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ мамандары, университеттің оқытушы-ғалымдары қатысуда.

Биыл Қысқы мектеп бағдарламасында 15 бағыт қамтылған: «Қазақстанның табиғи ресурстарын бағалау және басқару мәселелері», «Жер және орман ресурстарын басқару», «Топырақтану, агрохимия және экология», «Ауыл шаруашылығындағы инновациялық технологиялар мен техникалық құралдар», «Ветеринария», «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы», «Агроөңдеу технологиялары», «Мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын басқару», «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіруді басқару», «Жеміс және көкөніс шаруашылығының инновациялық дамуын ғылыми қамтамасыз ету», «Өсімдіктерді қорғаудағы заманауи тәсілдер мен әдістер», «Агротуризм», «Агробизнес», «Биологиялық қауіпсіздік», «Жасыл экономика».

Қысқы мектептің мақсаты - жаңа білім, инновациялық технологиялар мен ғылыми зерттеу әдістерін игеру. Магистранттар, докторанттар және жас ғалымдар қысқы мектепке қатысу арқылы білімдерін жетілдіруге, білікті мамандардан тәжірибе алуға бірегей мүмкіндік алады.

 

ҚазҰАУ Баспасөз қызметі,

Фото: М. Ботабеков

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста