"Қазақ тілін үйрену қиын": Австралиялық азамат қазақ тілін үйренуінің екі себебін айтты
Австралиялық азамат Иуан Смит қазақ тілін үйренудегі екі себебін айтты. Шетелдік азаматтың қазақ тілін үйреніп жатқанына екі ай болса да, деңгейі әжептәуір көтерілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы саясаттанушы Расул Жұмалы Facebook парақшасында жариялаған. Айтуынша, ұлы шетелдік азаматқа екі айда қазақ тілін үйретіп, сөйлейтін дәрежеге дейін тіл білу деңгейін көтерген. 
 Сондай-ақ, саясаттанушы Қазақстанда тұрып әлі күнге дейін қазақ тілін білмейтіндерге таңғалатынын атап өтті.
Австралиялық азамат Иуан Смит қазіргі таңда Сеулде тұрып жатқанын, қазақша үйренуді бастауының екі себебі барын жеткізді.
"Біріншіден, мен шет тілдерін үйренгенді жақсы көремін. Екіншіден, бір күні Қазақстанға саяхаттағым келеді. Қазақ тілін үйрену қиын. Өйткені құрылымы менің ана-тілімнен өте өзгеше және үйренуге жақсы ресурстар көп емес. Маған қазақ тілін үйрену өте ұнайды және бұл тіл әдемі әрі қызықты. Ең қызығы басқа көптеген тілдердің қазақ тіліне әсер етуі. Менің ойымша, шет тілін үйренуге көп уақыт пен күш қажет. Егер бір адам шет тілінде сөйлей алмаса, бұл проблема емес. Егер бір адам шет елде тұрса, ол сол тілді үйренуге тырысуы керек деп ойлаймын. Қазақша үйренуді жақында бастаған адамдар үшін менің кеңесім &ndash сізді қызықтыратын тақырыпты тауып, сол тақырып туралы қазақша біліңіз. Оқулықта оқытылатын сөздер кейде қызықсыз. Сізге қызықты нәрселермен үйренсеңіз жақсырақ болар еді, &ndash дейді австралиялық азамат.