Қазақ мемлекеттік циркінің артистері XIII "Азия жаңғырығы" халықаралық цирк өнері фестивалінде жоғары жүлделі орындарға ие болды!

Алматы қаласы Мәдениет басқармасы  Қазақ мемлекеттік циркінің артистері XIII "Азия жаңғырығы" халықаралық цирк өнері фестивалінде жоғары жүлделі орындарға ие болды!

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Құрманғали Досбатыровтың жетекшілігімен "Белдіктегі әуе дуэті «Жаңбырмен көкке самғау» нөмірі Күміс – 2 орын және Тәжік мемлекеттік циркінің арнайы сыйлығына ие болды!

 

Равиль Сейдгариевтің жетекшілігімен "Даршылар" нөмірі                 Алтын- 1 орын жеңіп алды! 

Қазақ мемлекеттік циркінің директоры, "Азия жаңғырығы"  XIII Халықаралық цирк өнері фестивалінің қазылар алқасының мүшесі Мақсат Жайықов Қазақ мемлекеттік циркінің арнайы жүлдесін Моңғолиядан келген "Топтық каучук "Аватар" нөміріне табыс етті.

Биыл Астаналық цирк күмбезінің астында әлемнің 12 елінен келген әртістер өз өнерлерін көрсетті: Франция, Израиль, Италия, Венгрия, Вьетнам, Моңғолия, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Өзбекстан, Қазақстан.

Беделді қазылар алқасы нөмірдің сапасын трюктың, хореографиялық және режиссерлік жұмыстың күрделі деңгейі бойынша бағалады.

 

Қазылар алқасының құрамында халықаралық цирк өнерінің атақты топ менеджерлері, ТМД ірі цирк кәсіпорындарының директорлары: Фабио Монтико (Италия халықаралық цирк фестивалінің Президенті (Латина), Питер Фекете (Венгрия Республикасының Мәдениет министрі, Будапешт астаналық циркінің директоры), Владимир Шабан (Беларусь Мемлекеттік циркінің директоры), Бахтиер Рахматуллозода (Тәжікстан Республикасы Мемлекеттік циркінің бас директоры), Фархад Бекманбетов (Қырғызстан Республикасы Мемлекеттік циркінің бас директоры), Сергей Расторгуев (Саха/Якутия Республикасы Мемлекеттік циркінің директоры), Эльмира Булатова ("Қазан мемлекеттік циркі" Татарстан Республикасы Мемлекеттік автономиялық мәдениет мекемесінің директоры), Мақсат Жаиков (Алматы қ. Қазақ мемлекеттік циркінің директоры), Сұлтан Сраилов (Шымкент қ. Мемлекеттік циркінің көркемдік жетекшісі), қазылар алқасының төрағасы Ерік Жолжақсынов ("Астаналық цирк" Бас директоры, Нұр-Сұлтан қ.).

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста