Қасқалдақтың қанына ортақ болғандар

Шымкенттегі бір браконьер қасқалдақтың қанына ортақ болды. Қасқалдақ құс туралы әуелі Есенғали Раушановтың «Қарабауыр қасқалдақ» жыры еске түседі. Сирек кездесетін құс ретінде Қызыл кітапқа енгізілген құстың заңсыз аулануына шектеу қойғанбыз. Алайда соңғы кездері «мылтығы бар кісілер» оны да атып кете беретін болды. Жуырда, Шымкенттік полицейлер заңсыз аң аулаған браконьерді құрықтады.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, күдікті Қызыл кітапқа енгізілген қас­қал­дақ­ты аулапты, әрі аң аулауға тыйым са­лын­­ған мезгілдің өзінде. Ал ол аздай, күдік­тінің мылтығына тиесілі құжаты да жоқ болып шықты.  Тексеру барысында, қас­­қалдақ пен мылтық көліктің жүк сал­ғы­шынан табылды. Демалысында мезгілсіз саятқа шығып, тасадан оқ атқандарды құ­рық­тау үшін осы аптаның дүйсенбіге қара­ған түні Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Шымкентте арнайы операция өткізді.
Шаһардағы Республика даңғылының бойында қойылған бекеттердің біріне Мер­седес көлігі ілінеді. Сала маман­да­ры­ның қатысуымен көлікті тінтіген по­ли­цей­лер 20-калибрлі аңшы мылтығы мен қас­қалдақтың денесін тапқан. Табылған дүние­лер көліктің жолаушысына тиесілі болып шықты. Қарудың иесі, браконьер өзінің кінәсін теріске шығарған жоқ. Айғақпен ұсталғанын түсінген ол қор­ға­ла­тын құсты атып алғанын мойындайды. Ай­туын­ша, табиғат аясына демалуға шық­қан­да өзімен бірге мылтығын ала кетіпті. «Жолда көрген құсымды атып түсірдім» дейді. Оқиға орнына Абай полиция бөлімінің шұғыл-тергеу тобы келіп, анықтап қайтты. Қазіргі таңда қарудың қайдан шыққаны тексеріліп жатыр. Бір айта кетер жайт, аң аулауға тиім салынған маусымда қару алып, аң аулаушыларға тиісті заң жаза­сын беретіні белгілі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста