Қару тапсырған қазақстандықтарға 91 миллион теңге төленді

Акция аясында мыңнан астам азамат полицияға келіп, 1,4 мың қаруды өз еркімен тапсырған. Қазақстанда қару-жарақ тапсыру акциясы аяқталды. Қару-жарақты ерікті түрде тапсырған қазақстандықтарға мемлекет тарапынан қаражат төленеді, деп хабарлады ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

ІІМ бұл акцияны 20 сәуірден бері өткізіп келеді. Осы жылы бұл мақсатқа 95 миллион теңгеден (225 мың доллар) астам қаражат бөлінді.

"Ерікті түрде тапсырғандар үшін техникалық күйіне қарай әрбір қару-жараққа 10-100 айлық есептік көрсеткіш арасында ақша төлеу қарастырылған", - деді Нұрділдә Ораз ІІМ брифингінде.
Оқ ату қаруы, оқ-дәрі, жарылғыш заттар мен құрылғыларды қабылдау полицияның әрбір аймақтық органында жүргізілді.

Акция аясында мыңнан астам азамат полицияға келіп, 1,4 мың қаруды өз еркімен тапсырған. Оның арасында автоматты иір ойық қару, ұзын ұңғылы, қысқа ұңғылы, тегіс ұңғылы, травматикалық қару, сондай-ақ жарылғыш заттар мен патрондар бар.

Аймақтар арасында Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының тұрғындары көп қару тапсырған.

Бүгінгі күні қару тапсырған 908 қазақстандыққа 91 миллион теңге (215 мың доллар) төленді.

Ерікті түрде тапсырылған барлық қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар заңмен қарастырылған тәртіпте утилизацияланады.

Бірақ қаруды сақтап қоятын жағдайлар да кездеседі. Мысалы, Қарағанды облысының тұрғыны 1900 жылы шығарылған "Наган" маркалы револьверді тапсырған. Бұл қару оған марқұм атасынан мұра боп қалған. Осы револьвер өңірдегі полиция департаментінің музейіне экспонат ретінде тапсырылды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста