Қарақшылар қақтығысы қанды оқиғамен аяқталды

Бүгінде жамбылдықтардың жағасын ұстатар сұмдық оқиғалар жиілеп барады. Әсіресе, ұйымдасқан қылмыстық топтардың әрекеттері адам шошырлықтай. Тапа тал түсте шетелдік «боевиктердегідей» атысып, шабысу «бандиттер» үшін түкке тұрмайтын болды.

Осындай оқиғаның бірі күні кеше Мойынқұм ауданының орталығында орын алды. Жергілікті «авторитеттер» қақтығысып қалған. Мойынқұм ауылындағы «Бақ дәурен» дәмханасында көңіл көтеріп отырғандар тым артық сілтеп жіберсе керек, оның соңы төбелеске ұласқан. Оның басқа мәнісі бар екен... Мұндағы басқа да демалушылар мен дәмхана қызметкерлері қанды төбелесте кімнен кімді ажыратып аларын білмей, тап кинодағыдай «тірі триллерді» тамашалағандай болыпты. Қолдарынан келгені тәртіп сақшыларына телефон шалу ғана болған. Төбелестің басты «атаманы» қарамағындағы оншақты адаммен бірге төрт жігітті жабылып тепкілеген. Төбелес салдарынан төртеудің біреуі қатты жарақаттанып ауруханаға жеткізілген. Ал қалған үш жігітті Шу қаласы бағытына қарай алып кетіпті. Қошаман ауылы маңында азшылық топты жазалау ары қарай жалғасқан. Жерге жатқызып алып тепкілегендері аздай арматура темірлермен ұрған. Қимылсыз қалған үшеуді өлдіге санаған безбүйректер оқиға орнынан қашып кеткен.

28 жасар «Утя» есімді лақап аты бар ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі мен 25 жастағы Асылхан атты азамат оқиға орнында көз жұмды. Үшіншісінің көрер жарығы бар екен. Қимылдауға шамасы жоқ оны ауыл тұрғындарының бірі байқап қалып, ауруханаға жеткізген. Сол түні Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімінің тәжірибелі мамандарынан із кесу тобы құрылды. «Із кесу» операциясы тез арада өз жемісін берді. Төбелес ұйымдастырып, адам өлтірген топтың жеті мүшесі достарының, туыстарының үйінде тығылып жатқан жерінен қолға түсті. Тергеу барысында анықталғанындай, ұйымдасқан қылмыстық топтар өздерінің қоластындағы басқару аймағын бөлісе алмапты. Дау содан туындаған. Топ бастап жүрген «серкелер» Мойынқұм ауданының жас жігіттері болып шықты. Олар есірткі сатушылар мен кәсіпкерлерді тонауды кәсіп қылған. Олардан ай сайын «ақы» талап етіп отырыпты. Қанды оқиға болардан бұрын олардың бір мүшесі 50 келі марихуанамен ұсталған болатын. «Авторитеттер» қақтығысының ақыры екеудің ажал құшуымен, ал қалғандарының бас бостандықтарынан айырылуымен тынды. Осыған байланысты Мойынқұм аудандық Ішкі істер бөлімі қылмыстық іс жүргізуде. Топтың басқа да мүшелері де іздестіріліп жатыр. Қазір қолға түскендердің басқа да қылмысқа қатыстылығының бар-жоқтығы тексерілуде.

Берік Медербекұлы, Жамбыл облыстық Ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары:
– Жыл басынан бері қылмыстық ортаның екі «авторитеті» ұсталды. Олардың бірі Тараз қаласын, бірі Қордай ауылын «уысында ұстаған». Ұйымдасқан қылмыстық топтардың 23 мүшесінің қолына кісен салынды. Ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны үшін екі азаматқа қарсы қылмыстық іс қозғалды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста