Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Орталық ауылында коронавирус инфекциясының табылуына байланысты карантин енгізілді. КВИ Омбыдан келген адамнан анықталды. Онымен байланыста болғандар арасында да вирус жұқтырғандар тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.
Эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты Бұқар жырау ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен Орталық ауылында карантин жарияланды.
 
Блокпосттар орнатылды және карантиндік аймаққа кіруге және одан шығуға тыйым салынды. Ауыл тұрғындары карантин режимін сақтауға міндетті. Үйден тек жұмысқа, жақын дүкендерге немесе дәріханаларға баруға болады.
Карантин жұқтырғандар біткенше жалғасады. Шектеулерді алып тастау туралы қосымша хабарланатын болады.