Қарағанды облысының борышкерлеріне енді ұялы телефондары қарыздарын еске салатын болды. Ұялы телефонға борышкер екені көрсетіліп, егер төлемеген жағдайда қандай әкімшілік жазаға тартылатыны туралы ақпараты бар SMS-хат жіберетін ақылды саll-орталық Қарағанды облысының сот актілерін орындау бойынша департаментінде іске қосылды.
Қаңтар айының 14-інен бастап, аталмыш орталық жұмыс істей бастады. Ресми мәліметтер бір ғана Қарағанды облысының өзінде 15 мыңнан астам борышкер барын айтады. Бұлардың барлығына ұялы телефондарына ескерту хабарлама жіберіліп отыратын болды. Сөйтіп, саll-орталықтың үшбу хаты айыппұл төлеушілерге, салыққа берешектерге, несиеге қарыздар, алиментшілерге арналмақшы. Мамандардың айтуынша, саll-орталықтың хатына дереу әрекет ететін секілді борышкерлер. Әлбетте, «қарызсың!» деп қақылдап хат келе берген қайбір жақсы дейсіз...
Әсел АХМАЛИШЕВА, бас маман:
– Борышкерлер реестрінде бүгінде облыс бойынша 15 мыңнан астам адам тіркеуде тұр. Олардың барлығына хат жіберілді және жіберіліп отырады. Бір тәуліктің ішінде, 14 қаңтардан 15 қаңтарға дейінгі аралықта хабарлама алғаннан кейін 122 мың теңге көлемінде қарыз төленді.
Қарағандыда қарызды SMS еске салады
Последние статьи автора