Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Жәмші аулында Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіровтің ескерткіші ашылды. Аталған ауыл батырдың кіндік қаны тамқан жер екенін айта кетейік. Бұл туралы egemen kz тілшісі хабарлады.
Ескерткіштің орнатылуына жергілікті кәсіпкерлер мен туған-туысқандары бастамашы болды. Ашылу салтанатында аудан әкімі Ниқанбай Омарханов батыр ерлігін есте қалдыру шарасына ынта танытқан ел азаматтарына алғыс айтты. Сондай-ақ, ол алдағы уақытта осы өңірден шыққан екінші Кеңес Одағының Батыры Қазбек Нұржановқа да өз аулында ескерткіш орнатылатынын жеткізді.
Нұркен Әбдіров атындағы мектеп мұғалімдері мен оқушылары Жеңіс күні мерекесіне орай қатысушыларға арнап концерт қойды.