Қаңтар оқиғасы кезіндегі ҚазҰУ ректорының ұлының қазасы: Куәгерлер мән-жайды айтып берді

Қаңтар оқиғасы кезінде ҚазҰУ ректоры ұлының қазасы туралы куәгерлер айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін Алматыда Қазақ ұлттық университеті ректорының ұлының өліміне қатысты іс бойынша куәгерлерден жауап алынды. Ол қаңтардағы оқиғалары кезінде қаза тапқан. Әскери қызметкерлер қала орталығында атыс болып, аспанға оқ атуға мәжбүр болғанын айтты.

“Бізге тоқтау деген бұйырық берілді. Екінші пәрмен "көлікке" болды. Мен жүксалғышты аштым. Біз жасырынып отырған едік. Жанымызда ғимарат болды. Мен қандай объекті екенін ұмытып қалдым. Сол ғимараттан бізге қарай оқ жаудырды. Сондықтан мен ауаға ескерту оқ аттым”, – дейді әскери бөлімнің десанттық-шабуылдау батальонының командирі Жасұлан Байбарақов.

Сот отырысы Алматыдағы әскери сот ғимаратында өтіп жатыр. Талдықорған қаласының десанттық-шабуылдау бригадасының 33 жастағы қызметкері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы Елнардың өліміне кінәлі деп күдіктелуде. Күдіктінің ұсталғаны өткен жылдың күзінде белгілі болды. Оған "Ауыр зардаптарға әкеп соқтырған билікті асыра пайдалану" бабы бойынша айып тағылуда.

Естеріңізге сала кетейін, 6 қаңтар күні кешкісін Алматы орталығындағы тәртіпсіздіктер кезінде белгісіз біреулер жас жігіт отырған көлікке оқ атқан. Жігіт сол жерде жан тапсырды. Кейін қаза тапқан ҚазҰУ ректорының ұлы екені белгілі болды. 
 
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста