ҚР Үкіметінің қаулысымен Қанат Жұмабайұлы Ысқақов Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Үкіметтің KZgovernment телеграм арнасына сілтеме жасап.
«ҚР Үкіметінің қаулысымен Қанат Жұмабайұлы Ысқақов Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды» - делінген хабарламада.
Қанат Жұмабайұлы Ысқақов 1982 жылы Шымкент қаласында туған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қ. Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорының жетекші маманы ретінде бастаған.
2022 жылдың желтоқсанынан бастап қазіргі уақытқа дейін экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып қызмет атқарып келді.