Қалың тұман түседі: Қазақстанның 7 облысында ескерту жарияланды

Синоптиктер еліміздің жеті өңірінде ауа райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Ақмола, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында қалың тұман түседі.

Қарағанды, Жамбыл және Қостанай облыстарында қалың тұман түсіп, қатты жел соғады. Жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман, көктайғақ және екпіні секундына 20 метр болатын жел соғуы мүмкін.

«ҚР басым бөлігінен атмосфералық фронтальды өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, республикамыздың кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, тек оңтүстікте және оңтүстік-батыста және орталықта жауын-шашынсыз  ауа райы болуы мүмкін. Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, солтүстікте көктайғақ болады», - делінген хабарламада.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста