Соңғы уақытта әлеуметтік желіде өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққан қазақ қыздары туралы ақпарат көптеп тарауда. Бұрымдылардың бірі афроамерикалықтың, енді бірі француздың, енді бірі арабтың етегінен ұстауда. Актриса Мәдина Оспан бақытын өзге елден тапқан қыздарға қолдау білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Арабқа қазақ қызы тұрмысқа шығып жатыр деген видео маған көп келіп жатыр. Шықсын, не болыпты? Мен қарсы емеспін.
Қазақтың жігіттері әйелдерін ұрмай ма? Ажыраспай ма? 5 балаларымен қаңғытып жібермей ме? Жасайды ғой. "Абьюзерлар" жетеді бізде. Біздің қазақтар мінсіз болып, басқа ұлтқа шығып жатса, сіздердің наразы болып жатқандарыңызды мен түсінер едім", - деп пікір білдірді актриса.
Айта кетейік, Instagram-да араб жігітіне тұрмысқа шыққан қыздың видеосы тарады. Онда араб азаматы қалың мал ретінде қыздың анасына 10 миллион теңге табыстаған. Видеоны бөліскен блогерлердің бірі Дәулет Мұқаевтың (dauletten) айтуынша, оқиға Түркістан облысының Кентау қаласында болған.