Қайың сағызы ағзаға пайдалы

Қайың сағызы ағзаға пайдалы

Көкшетау қаласының 10 жа­сар тұрғыны Нұрхан Мәкішев халқымыздың ежелден бері келе жатқан қайың сағызын қолдану ағзаға пайдалы екендігін ғылыми тұрғыда дәлелдеп берді.
Бұл ғажайып сағыз туралы алғаш ана­сы­нан естіген мектеп оқушысы оны ғаламтордан іздеген. Алайда ешқандай толымды ақпарат таба алмапты. Осыдан кейін үлкендермен бірге шалғай ауылдарға барған баланың жолы болып, ақжаулықты қариялардың бірінен қайың сағызын жасаудың құпиясына қаныққан.
Нұрхан МӘКІШЕВ, мектеп оқушысы, ғылыми жобаның авторы:
– Кәдімгі ағаштың қабығынан сағыз шайнауға болады деп мүлде ойла­маппын. Бірақ бабаларымыз бұл жаңа­лықты әл­деқашан ашып қойыпты. Дүкендегі хи­миялық түрлі қосынды­ларға толы сағыздан әлдеқайда пай­далы. Ол үшін кәдімгі қайың ағашының қабығын аршып, су толы қазанға салып қайнатылады екен. Бір жарым сағаттан соң сағыз да дайын болады.

Қалаға келгесін қайың сағызы жайлы ғылыми жоба жасап шығарған баланың еңбегі өте жоғары бағаға ие болды. Сөйтіп, оқушылар арасындағы ғылыми байқауда жүлделі орынға қол жеткізген.
Қайың сағызына сараптамалық тек­серіс жүргізген тіс дәрігерлері де оның ағзаға пайдалы екендігін анықтады.
Шерімкүл ОРАШЕВА, тіс дәрігері: 
– Қайың сағызы тісті тазалап қана қоймай, түрлі бактерияларды жоятын қабілетке ие. Жарнамада брэнд атан­ған толып кеткен сағыздардан гөрі, табиғи өнімнің құндылығы жоғары.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста