Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Президенттің Twitter парақшасына сілтеме жасап.
"Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Бала – бауыр етіміз. Олар – еліміздің ертеңі. Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді әрі жан-жақты болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды. Балаларымыздың болашағы баянды болсын!" – деп жазды Президент Twitter парақшасында.