Түркістан облысының полицейлері адам саудасы, жыныстық әрі еңбек қанауына байланысты деректердің алдын алу және жолын кесу бойынша жедел-профилактикалық, рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп келеді.
Мәселен Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері рейд барысында, Түркістан қаласы аумағында 8 жеңіл жүрісті қызды анықтады. "Кыздар.нет" сайтына тіркелген бұл қыздар Түркістан, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты.
Тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін жеңіл жүрісті қыздарды полиция пунктіне жеткізіп, профилактикалық есепке қойды.
Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы "Қоғамдық орындарда тиісу" мен ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы "Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі