«Перзенттеріміздің өліміне дәрігерлер кінәлі»: Атыраудағы балалар ауруханасында бір айда 4 сәби ажал құшты

Алайда аурухана басшылығы науқастарға тиісті ем жасалғанын айтады

Атыраудағы балалар ауруханасында бір айда 4 сәби ажал құшты.  Қайғыдан қан жұтқан ата-аналар өмірге келмей жатып, көз жұмған перзенттерінің өліміне  дәрігерлер кінәлі дейді. Айтуларынша, олар  тиісті жедел ем жасаудың орнына біріне-бірі сілтеп, немқұрайлылық танытқан, деп хабарлайды Астана арнасы.

 
Қанат Жұмаділов қаңтардың 3-і күні 2 жасар қызы Айшаны оң аяғындағы 6 пайыз күйікпен  ауруханаға әкеліпті. Жарақат бөліміне түскен бөбектің көңіл-күйі алғашқыда жақсы болған. Алайда 3 күннен соң   оны «пневмония» деген диагнозбен жан сақтау бөліміне алып кетіпті.   Кейін  дәрігерлер диагнозды сан түрлі өзгерткен көрінеді.  "Күйікпен барған баламды ақыр соңында «миға қан құйылған» деген диагнозбен қайтыс болды деп хабарлады. - дейді Қанат.

 «Қызыма 1 күнде 8 системадан салып жатқан. Менің қызым бұлардың системаларын, дәрі дәрмектерін көтере алмай анафилактический шоққа түсіп, бұл кісілер сол анафилактический шок пен пневмония бөліміне апарып, қайта қайта ұйықтата беретін дәрілерін салған. Менің қызым өлетін қыз емес еді. Осы кісілердің кесірінен осындай жағдайға түсті. Менің қызымның көретін ұсқыны жоқ. Бас деген мынадай, денесінің бәрі көкпеңбек», - деді Атырау қаласының тұрғыны Қанат Жұмаділов.
Ал  1 жарым жасарлық Ділдәнің туыстары, ауруханалар бір-біріне сілтеп, дер кезінде көмек бермеді деп,  өкініштен өзектері өртенеді. Алдымен өздері бекітілген  жеке клиниканың жедел жәрдеміне жүгінген, бірақ ол  уақытында келмеген.  Балалар ауруханасына барса, дәрігерлер демікпемен барған балаға «ларингит» деген диагноз қойып, тамағын шайыңдар,- деп кеңес беріп, үйіне қайтарыпты.  Кейін жағдайы нашарлағанда ғана бір-ақ қабылдағанын айтады.  Ем дұрыс болмай, қос бауыры істен шықты,- деп зар еңірейді Ділдәның апасы.

Екі жарым жасар Абайдың ата-анасы да учаскелік дәрігердің еміне алданып, уақыт жоғалттық,- деп өкінеді.  Бауыр еті баласынан айырылғанына сене алмай жүрген ата-аналар  бүгін ауруханаға келді. Олар ақ халаттылардың салғырттығы мен медицинадағы маман жетіспеушілігі перзенттеріміздің түбіне жетті,- дейді. 

 Алайда аурухана басшылығы науқастарға тиісті ем жасалғанын айтады.  Қолдан келгенше көмек көрсетілді дейді.

 «Комиссия құрылды. Алдын-ала талдау жасалды. Онда бір жағдайда Интертейч киникасында кеткен кемшіліктер байқалды.  Келесі жағдайда аумбулаториялық деңгейде бақылаудың жетіспеушілігі көрінді. Комиссия қорытындысынан соң нақты белгілі болады. Ата-аналардың құзырлы органдарға шағым жазуға құқы бар», - дейді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанар Садуова.
Қайғыдан қан жұтқан ата-аналар құқық қорғау органдарына да шағымданған. Жарық дүниенің қызығын көрмей жатып, көз жұмған сәбиіміздің өліміне кінәлілер қатаң жазалансын,-дейді. Айта кетейік, осы балалар ауруханасында 2020 жылы 36 бала қайтыс болса, былтыр 48 бала шетінеген.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста