Коранавирус індетіне қарсы күрес кезінде медицина қызметкерлеріне миллион теңгеден астам қаржы төленбегені анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Жамбыл облысына қарасты аудандық бас дәрігерлердің біріне қатысты, сот алды тергеу ісі жіберілді. Атап айтқанда, әңгіме коронавирус індетіне қарсы күрескен аудандық аурухана қызметкерлеріне төленбеген 2,7 млн теңге аясында болып отыр", - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бегайдаров агенттікте онлайн өткен баспасөз мәслихатында.