Батыс Қазақстан облысында 12 жасар бала отбасынан безді. Айдың күннің аманында оған не болған дейсіз ғой. Бақсақ, мәселе тереңде екен. 12 жыл бұрын жас келіншек жаңа туған сәбиінен бас тартқан.
Материалдық қиындықты алға тартқан ананың жағдайын түсінген қамқоршы органның шешімімен сәби отбасылық үлгідегі балалар үйіне орналастырылады. Тұрмыстан тарықпағанмен баланың анасын іштей іздейтіні белгілі. Бірақ көкек ана осы жылдар ішінде бірде-бір рет ұлын іздеп келмепті. Керісінше, балалар үйінің басшылығы ұлдың анасын өздері тапқан. Бір шешімге келген шешесі ұлын кері қайтарып алғанымен, бәрі кеш еді. Жаңа отбасы балаға бірден ұнамапты. Сабақтан қашқанымен қоймай, үйден де қашып кеткен ол: «Мені туған анама қайтаруға әрекет жасасаңдар, өз-өзіме қол жұмсаймын», – деп хат жазып қалдырған. Бұдан әрі ұлымен тіл табыса алмасын ұғынған келіншек қамқоршы органға арыз жазуға мәжбүр болды. Соттың шешімімен келіншектің аналық құқығы шектеліп, қашқын бала отбасылық үлгідегі балалар үйіне қайтарылды.
Өз отбасынан балалар үйіне қашып кетті
Последние статьи автора