Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Өскемен қаласының атауы өзгереді деген мәліметке қатысты пікір білдірді. Ол шұғыл брифинг өткізді.
Бұл турлы YK-news.kz басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
«Өскеменнің атауын өзгертуді ешкім қарастырып жатқан жоқ. Нақты жауап бердім деп ойлаймын», – дейді Ахметов.
Айта кетсек, бұған дейін «Ақ жол» партиясының семейлік филиалының өкілдері Даниал Ахметовтың атына хат жазып, Өскеменнің атауын өзгертуді сұраған еді. Белсенділер қалаға Қабанбай батыр атауын беруді ұсынды.
Stan.kz