Оралда егіз босанған әйелдің өлімі: Келіншектің туыстары дәрігерлерді кінәлады

Оралда егіз босанған әйелдің өлімі: Келіншектің туыстары дәрігерлерді кінәлады

Оралдық Эльвира Әшімованың өліміне туыстары дәрігерлердің салғырттығын кінәлайды. Бірақ олар ешкімді сотқа бермейтінін айтады. Дегенмен болашақта мұндай қайғылы жағдай қайталанбасы үшін кінәлі адамдар міндетті түрде анықталып, тиісті жазасын алуы тиіс дейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Бала үстінде көз жұмған марқұмның артында бес сәбиі қалған. Ал күні кеше дүниеге келген егіз балаға бүгін азан шақырылып, Нарұл және Інжу деп ат қойылыпты. 

"Медқызметкерлердің өздерінің сондай бір күнде болып жатқан жағдай сияқты. Уайымсыз, жайбарақат, немқұрайлылықпен қарап жүргенін байқап, өзім таңғалдым. Үкімет басындағылар, жоғарыдағылар өздері енді бір  қадағалап, тексеріс жіберуі керек. Енді біз қазір бұл жерде біреуді кінәлап, біреуді сотқа берейін деп жатқан ешнәрсеміз жоқ. Бірақ алдағы уақытта осындай жағдай болмасын деген ниетпен бір үлкен тексеріс керек екендігін айтқым келеді", - дейді марқұмның туысы Жәрдем Әшімов.

Кеше оралдық Эльвира Әшімова егіз  босанғаннан кейін көз жұмған еді. Қазір осы оқиға ізімен қызметтік тексеру басталған. Айта кетейік, Орал перзентханасында бір аптаның ішінде екі әйел бала үстінде қайтыс болды.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста