Әлемдік технология күн сайын жаңаруда. Виртуалды және иммерсивті технологияың дамуы мұржайларды үйде отырып та тамашалауға мүмкіндік берді.
1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күніне" орай Алматы қаласындағы  №178 лицейде 2020 жылдың 27-қараша күні   лицей қабырғасынан ашылған «Тұңғыш Президент мұражайына» оқушыларға арналған  виртуалды саяхат ұйымдастырылды.  Виртуалды саяхат арқылы цифр­лы бағдарламаны қолдана отырып, қатысушылар  мұражайдағы  сурет­терді барлық қырынан  көре алды.
Іс-шараның мақсаты - қасиетті ел Тәуелсіздігініӊ қадір-қасиетін, бейбітшілік құшағындағы еркін елдіӊ егемендігін, ұлт мұратын арқалаған Тұӊғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтыӊ реформаторлық жемісті идеясын жас ұрпақ - жаӊа буынға дәріптеу, олардыӊ елдік және ерлік ұстанымдарын қалыптастыру, жүректеріне Ұлы дала еліне деген махаббат сезімін ұялату, шежірелі ата тарихымен ұлттық сананы бірегейлендіру.
Виртуалды экскурссияға   лицейдің 200-ден аса  оқушылары, ата-аналар және мұғалімдер қатысты. Қатысушы ата-аналар: « компьютер және телефон секілді технологиялық жиhаздармен қолжетімді  бұл онлайн саяхат оқушыларға пайдалы уақыт өткізу үшін  комек болды» ,  деп ризашылығын білдірді.
 
Рапилова Эльмира Жанатқызы,
№178 лицей мұғлімі