ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы болып Мереке Нұрмұханова тағайындалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Nege.kz-сілтеме жасап.
Мереке Нұрмұханова 2015 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын республикалық журналдың тілшісі болып бастады. Әр жылдары «Қазақстан» РТРК АҚ Ақтөбе облыстық филиалының ақпараттық бөлімінде редактор-жүргізуші, республикалық «Жетінші» арнада арнайы тілші болып жұмыс істеді.
2023 жылдың қаңтар айына дейін Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы - баспасөз хатшысы болды.