Нұржан – академик

Жазушы, ақын, «Дарын» мемлекеттік сый­лы­ғы­ның иегері, «Шығыс ақпарат» медиа­холдин­гінің бас директоры, Қазақстан Жазу­шы­лар одағының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Нұржан Қуантайұлы жақында Журналистика академиясы жалпы жиналысының шешімімен осы академияның толық мүше – академигі болып сайланды.

Нұржан Қуантайұлы 1971 жылы 22 қаң­тарда бұрынғы Семей облысындағы Көкпекті ауданының Үлгілі ауылында туған. 1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мем­лекеттік ұлттық университетінің журна­лис­тика факультетін үздік бітірген. 1993-1994 жылдары Қазақ радиосында аға редак­тор, шолушы, 1995-1996 жылдары Қа­зақ­стан Журналистер одағына қарасты Жур­налистерді қолдау қорының вице-пре­зи­денті, 1996-2000 жылдары Әл-Фараби атын­дағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетінде аға оқытушы, доцент, 2000-2002 жылдары республикалық «Жас Алаш» газетінің шолушысы, 2002-2004 жыл­­дары «Қазақ университеті» газетінің бас редакторы, 2004-2005 жылдары рес­пуб­ликалық «Айқын» газетінің саяси шолу­шы­сы, 2005-2009 жылдары республика­лық «Алматы ақшамы» газеті бас ре­дак­торының бірінші орынбасары қыз­мет­терін атқарды. 2009 жылдан бері Шы­ғыс Қазақстан облысындағы «Шығыс Ақ­па­рат» медиахолдингінің бас директоры. Со­нымен қатар Қазақстан Жазушылар ода­ғы­ның Шығыс Қазақстан облыстық филиа­лы­ның төрағасы. Республикалық «Отүкен» жур­налының бас редакторы. Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты.
2000 жылы «Жүсіпбек Аймауытовтың көсемсөз мұрасы» деген тақырыпта канди­дат­тық диссертациясын қорғады. «Алаш­ор­да баспасөзі және Жүсіпбек Аймауытов» атты монографияның, «Адырна», «Күмбір» атты поэзиялық және «Қараөзек», «Қол­ша­тыр» атты прозалық кітаптардың авторы.
Әріптесімізді «Академик дипломымен» шын жүректен құттықтаймыз, жаңа шығар­ма­шылық табыстар тілейміз!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста