Нұрлан Қоянбаев: Қазақстанда кәсіби маман болсаң да, табысты болу өзіңе байланысты емес

Нұрлан Қоянбаев: Қазақстанда кәсіби маман болсаң да, табысты болу өзіңе байланысты емес

Нұрлан Қоянбаевтың "Қазақша бизнес Түркияда" фильмі көпшілікке өткен жылдың 30 желтоқсанында ұсынылды. Картинаны 2 жыл күткен жұрт алғашқы күндері кинотеатрларға жарыса ағылды. Продюсердің айтуынша, сол кезеңде таңғы сеанстардан бастап түнге дейін билеттер болмаған. Алайда 4 қаңтар күні елімізде митингілер басталып, ақырында фильм көрсетілімі біраз уақытқа тоқтап қалды. Қазіргі уақытта кей кинотеатрлар фильмді қайта көрсетуде. Осы орайда Қоянбаев қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезіндегі уайымы мен саясатқа көзқарасы жайлы Динара Сәтжанға сұхбат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
"Елімізде әрбір бейсенбі сайын митинг болмайды ғой, 30 жылда бір болады", - деген Қоянбаев демократиялы елде митингілердің болуын заңды деп санайды. Айтуынша, еліміздің әрбір тұрғыны өз ойын ашық білдіре алса, қақтығыстар болмайды. 

"Мысалы, Кореяға, Сеулге бардым, көшеден 5 мың адам айқайлап өтіп бара жатыр. Не істеп жатыр? - десем: "Олар бірдеңеге қарсы", дейді. Яғни, митинг болып жатыр, ал мұнда адамдардың өмірі жалғасып жатыр. Демократиялы ел деген сондай болу керек", - дейді кинопродюсер.

Қоянбаев "Қазақша бизнес Түркияда" фильміне 500 мың АҚШ долларын жұмсаған. Айтуынша, кеткен қаражат бүгінде толығымен ақталды. Тіпті, түскен табыс та бар. "Алайда ол байып кететіндей табыс емес", - дейді өзі. Десе де, продюсер қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде өз қалтасын емес, мемлекеттің болашағына алаңдағанын айтады. 

"Әрине, уайымдадым. Мемлекет, халық ретінде болашағымызды ойладым. Мен Түркияға бардым, қолдан келгенше кино түсірдім. Киноға шығардық, бірақ халық митингке шығып, одан кейін төтенше жағдай болып, кинотеатрлар жабылып қалды. 

Әрбір қазақстандықта табысқа жетуге деген мүмкіндік болу керек. Мен мысалы өз мүмкіндігімді кино түсіру арқылы көрдім. Бірақ мен еңбектенсем де, табысты болу, болмау маған байланысты емес екен. Өз салаңда кәсіби маман болсаң да, табысты болу өзіңе ғана байланысты емес. Қазір біз бәріміз саясатпен айналысуымыз керек болды. Саясатпен айналыспасаң, ол сенімен айналысады. Бұрын жоғарыдағылар ақылды ғой, олар біз үшін шешім қабылдайды, ал мен комедия түсіремін деп ойлаушы едім. Бірақ біздің елде комедия түсіруге ерте екен", - деді Қоянбаев. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста