Наурыз айына арналған ауа райы болжамы

Бірінші онкүндіктің басында солтүстік жартысында температуралық фон түнде 5...10 аяз, шығыста кей жерлерде 15...20 дейін аяз, күндіз 5 аяз...5 жылы, оңтүстік өңірлерде - күндіз ауа 10...20 дейін жылынады, деп хабарлайды kaz.zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

 

Наурыздың басында және ортасында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтардың кей жерлерінде қатты, екпінді жел 15-25 м/с дейін, солтүстік өңірлерде бұрқасынмен жауын-шашын күтіледі. Республика бойынша жиі тұман, солтүстік жартысында көктайғақ күтіледі. Жауын-шашынмен қатар ауа температурасы төмендейді.

 

Бірінші онкүндіктің соңында Кар теңізінен суық антициклонның басып кіруімен республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы төмендеп, термометр бағаны түнде 10...15, кей жерлерінде 20-25 аязға дейін, күндіз 5...13 аязға дейін, оңтүстікте түнде 2...12 аязға дейін, күндіз 0...8 жылыға дейін төмендеуі мүмкін.

 

Қазақстанның батысында бірінші онкүндіктің басында және ортасында жауын-шашын күтіледі, ауа температурасы түнде 0...8 аяздан 0...5 жылыға дейін, күндіз 0...5 жылыдан 5...13 жылыға дейін өзгереді.

 

Наурыз айында ауаның орташа айлық температурасы Қазақстанның басым бөлігінде нормадан 1°С жоғары, оңтүстік - шығыс бөлігінде норма шамасында (норма: солтүстік жартысында - 3...9 аяз, оңтүстік жартысында - 2 аяз...8 жылуды құрайды).

 

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормадан көп, еліміздің батыс бөлігінде норма шамасында болады деп болжануда (ҚР басым бөлігінде норма 10-25 мм, тек оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс тау және тау бөктерлі аудандарында 30-90 мм.)

 

Бір ай ішінде циклондар мен антициклондардың жиі ауысуы жауын-шашынның жиі түсуіне және ауа температурасының өзгеруіне себепші болады.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста