Қазгидромет 22-24 қаңтар күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Батыс антициклон жотасының әсерінен, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы, Қазақстан бойынша тұман, республиканың оңтүстік өңірлерінде көктайғақ күтіледі.
Тек батыста, оңтүстік-шығыста, сондай-ақ 24 қаңтарда елдің орталығы мен шығысында, оңтүстік циклонның ықпалымен жауын-шашын болады, жел 15-23 м/с дейін күшейеді.
Республиканың батысындағы ауа температурасының негізінен түнде 3-18°C аяз, күндіз 1-13°C аяз, Маңғыстау облысында күндіз +2+7°C болады деп болжанады.
Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде 18-28°C аяз, күндіз 10-20°C аяз болады. Орталық пен шығыста түнде 8-26°C аяз, күндіз 5 ... 20 аяз. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде 2-20°C аяз, күндіз -5+5°C болады.