Минус 25°C-қа дейін суық сақталады: Қазақстанда наурыз айында ауа райы қандай болады

Минус 25°C-қа дейін суық сақталады: Қазақстанда наурыз айында ауа райы қандай болады

Наурыз айының басында Қазақстанның барлық аумағында температураның төмендеуі күтіледі. Синоптиктер әсіресе, еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде қыс мезгіліндегідей аяз болатынын айтып отыр. Термометр бағандары минус 25 градусқа дейін түсуі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазгидрометтің мәліметінше, көктемгі синоптикалық үрдістерге тән циклондар мен антициклондардың жиі ауысуы, қара және Жерорта теңіздерінің аудандарынан жылудың қарқынды шығарылуы, Скандинавия, батыс және шығыс Сібір аудандарынан суықтың таралуы ауа температурасының кенеттен өзгеруіне және тұрақсыз ауа-райына себепші болмақ. 

"Наурыздың бірінші онкүндігінің ортасындағы жылы көктемгі ауа райы Қазақстанның көптеген өңірлерінің тұрғындарының қуанышын ұзаққа апармайды. Наурызда ауаның орташа айлық температурасы климаттық нормадан бір-екі градусқа жоғары болады деп күтілуде. Наурыз айында республиканың басым бөлігінде жауын - шашын мөлшері нормаға жуық, Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігінде нормадан жоғары болады деп болжануда", - делінген хабарламада.

Наурыздың бірінші онкүндігінің басында Батыс антициклонының әсерінен және Сібір антициклонының күшеюімен республиканың басым бөлігінде ауа температурасы қысқа мерзімге төмендейді: 

Түнде ауа температурасы:

батыста, солтүстік-батыста -5-15 градусқа дейін;
солтүстікте, орталықта және шығыста -15-25 градусқа дейін;
елдің оңтүстік аймақтарында -3-тен -11 градусқа дейін төмендейді.  
“Елдің солтүстік-батысында күндізгі ауа температурасы -3... +2 градус, Қазақстанның солтүстік жартысында -3... -8 градус, оңтүстік жартысында +8... + 15 градус, оңтүстікте +20 градусқа дейін", - делінген хабарламада.

Наурыздың бірінші онкүндігі ортасында ауа райы жылы болады. Наурызда еліміздің басым бөлігінде ауаның орташа айлық температурасы климаттық нормадан 1-2 градусқа жоғары, ал Батыс Қазақстан облысында және Атырау облысының солтүстік-батысында нормадан жоғары болады деп күтіледі.

"Наурыздағы жауын-шашын мөлшері республика аумағының басым бөлігінде нормаға жақын, Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігінде нормадан көп болады деп күтіледі", - деді синоптиктер.

Сондай-ақ, онкүндік ортасында Жерорта теңізі аудандарынан келген циклондар Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райына әсер етеді. Жауын-шашын болып, солтүстік облыстарда жаңбыр кей жерлерде қар жауады, оңтүстік облыстарда жаңбыр жауады, батыста, таулы және тау етегіндегі аудандарда қатты жауын-шашын болады.

"Жел екпіні секундына 15-25 метрге дейін күшейеді, оңтүстік-батыста құмды дауыл соғады деп күтіледі. Тұман мен көктайғақ құбылыстары да болады. Суық толқыннан кейін ауа температурасының қысқа мерзімге жоғарылауы күтіледі", - деп қосты сарапшылар.

Онкүндік соңында Батыс антициклон ығысып, жауын-шашын тоқтайды және ауа температурасы қайтадан төмендейді деп күтіледі: елдің солтүстік жартысында түнде -10... -17 градус, күндіз -5... -10 градус, оңтүстік жартысында түнде 0... -8 градус, күндіз +3... +8 градусқа дейін.

Айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жел болып, елдің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі. Бұл атмосфералық фронталь бөліктердің жиі өтуіне байланысты. Қазақстанның басым бөлігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы тұрақсыз болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста