Құқық қорғау органдары мен әкімдік өкілдері қызметтік көліктерін жұмыстан тыс уақытта да мінеді. Мұны өткен мереке күндері Алматыда арнайы рейд өткізген «Заңғар» шығармашылық бірлестігінің мүшелері анықтады.
Демалыс күндері қызметтік көлігін пайдаланған шенеуніктерді бақылауға арналған мұндай шара республикада алғаш рет өткізілді. Рейдтің басты мақсаты – сыбайлас жемқорлықпен күресті жастар арасында насихаттау. Бірлестік төрағасы Айдар Қырықбаевтың айтуынша, «Жас Отан» жастар қанатының «Сақшы» бағдарламасы аясында өткен шара барысында бірқатар шенеуніктердің қызметтік лауазымдарын асыра пайдаланатыны анықталды. Бір ғана әл-Фараби даңғылы мен Науаи көшесінің өзінен жол ережесін бұзған 10 жүргізуші ұсталып, автокөліктері айыптұраққа қойылды. Кейбір шопырлар қызмет көлігін қашан және қандай мақсатқа пайдаланса да, бастықтары «қой» демейтінін мақтана айтыпты. Және сондай дөкейлерге қазір-ақ телефон шалып, мәселені шешіп алмақ болғандар да кездескен. «Қара тізімге» іліккен автокөлік иелерінің аты-жөндері жазылып, өздері бейнетаспаға түсірілді. Олардың қатарында Ұлттық қауіпсіздік комитеті, сот, прокуратура мен әкімдік қызметкерлері бар. Лауазымынан ат үркетін құқық саласының өкілдерін қайдам, қызметтік көліктерін кешкі сағат сегізден кейін жеке шаруасы үшін мінетін 12 шенеуніктің мәселесі қалалық әкімдікте қаралатын болады. Және алдағы уақытта мұндай рейдтерді республиканың өзге де өңірлерінде өткізу жоспарланып отыр.
Мемлекет көлігін «меншіктеп» алыпты
Последние статьи автора